Қарт әйел

Астанада автобуста зейнеткер әже Елбасы туралы ән шырқады

97
Зейнеткер орындаған әнінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық тілеген

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Әлеуметтік желіде Астанада автобус ішінде Елбасы туралы ән шырқаған әженің видеосы жарияланды.

"Ақккөл қаласының тумасы, Астана тұрғыны, алты немеренің әжесі, дәрігер, бағбан, осы бір тамаша шумақтардың авторы бізге, #10 автобус жолаушыларына қайталанбас көңіл күй сыйлады", — деп жазылған Facebook желісіндегі "Астана — Что? Где? Когда?" тобында жарияланған видеоның астына.

Зейнеткер әже шырқаған әнінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласын салуға қосқан зор үлесін айтып, зор денсаулық тіледі. Автобус жолаушылары өнерлі қартқа ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсеткен.


97
Кілт сөздер:
ән, әжей, зейнеткерлер, автобус, Елбасы, Астана
Загрузка...