Астана әуежайы

ІІМ: Астана әуежайын су басып кету қаупі бар

113
(Жаңартылды 10:52 02.03.2018)
Қазақстанның ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, су тасқыны мерзіміне нысандардың бәрі дайын емес

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Атқарылып жатқан шараларға қарамастан Астана әуежайын су басып кету қаупі бар, деп хабарлады ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мәжілістегі дөңгелек үстел барысында.

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, төтенше жағдай бойынша атқарылып жатқан шараларға қарамастан, бірқатар мәселе әлі шешімін таппай отыр, оның ішінде, елді мекендерде су қоймаларындағы су деңгейінің артуына нысандар мен инфрақұрылым жүйесі жетілікті дайын емес. 

Вице-министр атап өткендей, 2017 жылдың көктемінде Вячеслав су қоймасындағы асып-тасыған суды Астана контррегуляторының қорғаныс дамбасы жинақтаған екен, бірақ бұл контррегулятор тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болыпты – 260 миллион метр куб су. 

Ильиннің сөзіне сүйенсек, су деңгейі аз ғана көтерілгеннің өзінде саяжай массивтері мен президент резиденциясы төңірегінде су алып кету жайттары тіркелген.

"Ақмола облысы бойынша елорда аумағынан төменірек Есіл арнасын кеңейту бойынша тиісті шаралар атқарылып жатқанымен, Майбалық өзені аумағында елорда әуежайы маңайын су алып кету қаупі бар. Сол себепті суды бөгеу үшін арнайы құрылыс салу бойынша шаралар орындалуы керек", — деді Ильин.

113
Кілт сөздер:
су басу қаупі, Астана әуежайы
Загрузка...