Сақалды ер адам

Ресейдің бас мүфтиі: сақал әдемі болуы керек

56
(Жаңартылды 18:50 03.03.2018)
Елордада Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы өтті

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин адамның сырт келбеті әдемі көрінуі керек деген пікірде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер Ресейдің бас мүфтиінен Қазақстанда қабылданғалы жатқан жаңа заңға қатысты пікірін сұрады. 

"Бұл заң жақсы немесе жаман деп баға бере алмаймын. Өйткені оны көрген де, оқыған да жоқпын, хабарсызбын.  Ал сақалға қатысты айтар болсам, адамның сырт келбеті әдемі көрінуі керек деп санаймын. Сақалымыз әдемі, үсті-басымыз жинақы, ұқыпты болғаны абзал. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан емес пе: "Алла әдемілікті жақсы көреді" деп. Біз сырт келбетімізбен өзіміздің әдемілігімізді көрсетуіміз керек", — деді Гайнутдин форумнан кейін журналистерге.

56
Кілт сөздер:
сырт келбет, сақал, Равиль Гайнутдин
Загрузка...