Қамауға алу

Энергетика вице-министрі Сәдібеков екі айға қамауға алынды

54
(Жаңартылды 20:04 06.03.2018)
Ғани Сәдібеков екінші наурызда парамен ұсталған еді

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Астана соты ірі көлемді жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековті қамауға алуға үкім шығарды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"2 наурызда Алматы ауданы №2 соты бұлтартпау шарасы ретінде Ғ. Сәдібековты екі айға қамауға алу шешімін шығарды", — деп хабарлады сот. 

Қалдықтарды басқару департаменті директоры Жан Нұрбеков пен мердігерлік ұйым өкілдері Жұмалинов С. пен Кәдірберлин Б. екі айға қамауға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстанның энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековті ұстады.   

Ведомство хабарлағандай, Сәдібеков қол қойған жалған актілерге сәйкес энергетика министрлігі 2017 жылы атқарылған жұмыстардың ұлғайтылған көлеміне 3,6 миллиард теңге төлеген. Бұл соманың миллиардтан астам бөлігі қымқырылған, ақша тінту шаралы барысында табылды. Бұдан бөлек, ұлттық бюро 2018 жылы көлдерді тазартуға бөлінген 1,5 миллиард теңге қымқырудың алдын алған.


54
Загрузка...