Қоғам

"Болашақ" бағдарламасына құжаттарды қабылдау мерзімі бекітілді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖОО
ЖОО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық талапкерлерге шетелде білім алу үшін 10 000-дай грант бөлінген

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

Ресей - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресейдің білім министрі қазақстандықтарды ЖОО-да тегін білім алуға шақырды

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" бұйрығына сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылатынын және конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтетінін хабарлайды", — делінген баспасөз хабарламасы.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" атап өткендей, қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісім-шарттар негізінде шетелде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биыл түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0