Ан-26 ұшағы, архивтегі фото

Сирияда құлаған ресейлік ұшаққа қатысты тың деректер шықты

743
(Жаңартылды 13:32 10.03.2018)
Әскери борт ұшып-қону жолағына табан тіреуіне 500 метр қалғанда құлаған

АСТАНА, 8 наурыз — Sputnik. Сирияның Хмейми әуежайына жете бергенде апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың құлауына техникалық ақаулық себеп болған.  

ТК арнасының мәліметінше, 6 экипаж мүшесін есептегенде ұшақ ішінде болған 39 адам түгел қаза тапқан. Барлығы әскерилер. Арасында генерал-майор да болған. Әскери борт ұшып-қону жолағына табан тіреуіне 500 метр қалғанда құлаған. Алдын ала болжам бойынша апатқа аяқасты шыққан техникалық ақау себеп болуы мүмкін. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әскерилердің қазасына қайғырып, көңіл айтты. 

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын", —  деді Назарбаев Путинге жолдаған жеделхатында.


743
Загрузка...