Қоғам

Сағынтаев: күн сәулесінің шуағы қыздырмаған әкімдерден бастайық

© SputnikБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күн сәулесіне қатысты әзілді қаржы министрі бастаған еді

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сөзді "күн сәулесі қыздырмаған" әкімдерге беріп, министрлерді бір күлдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағынтаев: былтыр әкімдер бейқам жүрді де, кінәні Қазгидрометке арта салды

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында бюджеттің атқарылуы бойынша баяндама жасаған еді.

"Жергілікті бюджеттердің шығысы 511 млрд теңгеге игерілді. 29 млрд теңгеге орындалмады. Алайда осы айда үш өңір көш басында тұр. Қостанай облысы 99,9 пайызға, Солтүстік Қазақстан  99,5, Павлодар 99,2 пайызға  игеріп отыр. Мұның бәрі тиісті іс-шаралар қабылдағанның арқасында жүзеге асып отыр. Бірақ басқа облыстар, әсіресе оңтүстік және батыс өңірлердегі әріптестер, осы көктемнің сәулесімен жылынып, жаңағы айтылған әріптестерін қуып жетуге тырысады деп ойлаймын", — деді Сұлтанов.

Министрдің күн сәулесі туралы әзілі Сағынтаевқа ұнаса керек:"онда Бақыт Тұрлыханұлы айтқандай, күн сәулесінің шуағы қыздырмаған әкімдерден бастайық", — деп бір күлдірген премьер сөзді Астана әкімі Әсет Исекешевке берді.

Жаңалықтар
0