Полицейдің архивтегі фотосы

Вице-министр: жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болды

386
(Жаңартылды 18:28 15.03.2018)
Заң жобасына сәйкес полиция департаменттері мен жергілікті полиция қызметін қосу көзделген

АСТАНА, 14 наурыз —Sputnik. Бүгін мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жергілікті полиция және ішкі істер департаменті деп бөлу құқық қорғау қызметінде бір адамдық басқару және бағындыру шартын бұзуға әкелді. Жергілікті полиция және ішкі істер органдарының басқармалары арасында қайшылық фактілері орын алды. Жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болған. Тіпті аудандық бастықтардың облыстық жергілікті полиция басшыларына бағынбаған фактілер болған. Осындай жағдай президент әкімшілігінің тексерісі кезінде де расталды. Әсіресе, Оңтүстік Қазаақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында болған. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, құқықтық тәртіптің негізі ол қатаң бағыну болып табылады", — деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев. 

Сондықтан министрлік тиісті заң жобасын әзірлеген. 

"Бірінші, ішкі істер департаменттері негізінде полиция департаменттерін құру. Бұл аумақтық ішкі істер департаменті құрылымына тек полиция міндеттерін атқаратын бөлімшелер кіруімен байланысты. Екінші, министрлікке бағынысты етіп полиция департаменттерін және жергілікті полиция қызметін қосу. Сонда дара басшылық және тік бағынушылық принциптері сақталады", — деді ол.  

Бұдан бөлек әкімдерге полиция органдарының құқықтық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін жүктеу, сонда-ақ ішкі істер министрінің ұсынысы бойынша  полиция департаменті бастықтарын тағайындау және босату құқығын беру көзделіп отыр. Вице-министрдің айтуынша, бұл құқықбұзушылық профилактикасында әкімдердің рөлі мен жауапкершілігін күшейтеді. Осы ретте департамент басшысы жылына бір рет әкім мен халықтың алдында есеп беретін болады.

"Төртінші, мас күйінде жасалатын және рецидивтік құқық бұзушылықтардың қосымша әдістері мен формулалары орнатылады. Атап айтқанда, жазасын өтеуде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға алкогольді ішімдік ішуге толық тыйым салынады. Бұрын сотталған адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау үш жылдан бастап соттылығын жоюға дейінгі мерзімге ұзартылады. Бесінші, адамдарды әкімшілік ұстау мерзімін 3-тен 24 сағатқа дейін ұлғайту енгізіледі", — деді ол.

386
Кілт сөздер:
қақтығыс, ІІД, жергілікті полиция, Ерлан Тұрғымбаев
ПТР-зертхана, Нұр-Сұлтан

Өткен тәулікте 980 адамнан коронавирус табылды

20
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 96 922 адамға жетті. Індеттен 70 680 адам жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 980 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады  COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 502 тасымалдаушы тіркелді.

Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 186 / 75,
  • Алматы қаласы - 175 / 111,
  • Шымкент қаласы - 26 / 15,
  • Ақмола облысы - 31 / 19,
  • Ақтөбе облысы - 2 / 0,
  • Алматы облысы - 46 / 36,
  • Атырау облысы - 44 / 41,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 92 / 29,
  • Жамбыл облысы - 40 / 20,
  • Батыс Қазақстан облысы - 58 / 22,
  • Қарағанды облысы - 85 / 35,
  • Қостанай облысы - 35 / 8,
  • Қызылорда облысы - 33 / 18,
  • Маңғыстау облысы - 33 / 28,
  • Павлодар облысы - 22 / 6,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 45 / 22,
  • Түркістан облысы - 27 / 17.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 96 922. Індеттен 70 680 адам жазылып шықты, 1058 адам көз жұмды.

20
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Жалған құжат жасайтындар көбейген: Ақорда көлеңкелі экономика туралы деректер жариялады
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды
Damumed қосымшасы

"Олар кінәлі емес": Елді шулатқан дәрігерлерді министрлік қорғаштап жатыр

655
(Жаңартылды 08:11 07.08.2020)
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша ұрлауға мүмкіндік бермеу керек еді, дәрігерлерді заңбұзушылыққа итермелеген жүйе кінәлі деп мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Науқастардың сыртынан "Дамумед" арқылы ақша жасаған дәрігерлердің еш кінәсі жоқ. Заң бұзушылыққа оларды біреу итермелеген. Денсаулық сақтау министрлігі даулы мәселеден кейін ақ халаттыларды осылай қорғаштап жатыр.

Министрлік заң бұзушыларға қатысты тексеруді бастаған. Кінәлілердің арқалайтын айыппұл көлемі де қомақты.

Емханалар төңірегіндегі дау Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне де жетті, деп хабарлады КТК.

Қазақстанда учаскелік дәрігерлердің науқасты қабылдауы кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету аясына кіреді. Әр науқасқа 1035 теңге белгіленген. Ал терапевт, педиатр, гинеколог сияқты арнайы мамандар тегін де, ақылы да қызмет көрсетеді. 1520 теңгеден басталатын ем-домның ақысын сақтандыру жүйесі төлейді.

"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды

Сау адам шатасатын схемамен денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды зерттеумен айналысатын қауымдастық басшысы Төлебай Рахыпбеков келіспейді. Оның айтуынша, мәселенің ушығуына қордың қатысы бар.

"Бұл жағдайда тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кінәлі. Ұйым медициналық қызметке берілетін ақшаны бөліп-жармау керек еді. Олар мамандарға ақшаны дұрыс төлеп отырған жоқ. Олар арнайы мамандарға науқастардың келуіне байланысты төлейді. Тексеру жүргізудің қажеті жоқ. Бәрі көрініп тұр ғой. Мынау пандемия кезінде емханалар жабық. Оларға бір күнде 25 науқасты қабылдаңдар деген тапсырма бар. Амалсыздан осы әрекетке барады. Менің ойымша, арнайы мамандарды учаскелік дәрігерлермен теңдестіру керек", - дейді профессор Төлебай Рахыпбеков.

Науқастың сыртынан тон пішкен дәрігерлердің жымысқы әрекетін әшкерелеп, әлеуметтік желі шарқ ұрып жатыр. Дегенмен денсаулық сақтау жүйесіндегі мамандар ақ халаттылардың еш кінәсі жоқ деген пікірде. Жұмысы көп, қағазбастылық та кедергі. Бұған жүйе кінәлі.

"Дәрігерлерді айыптау дұрыс емес деп санаймыз. Өйткені қателіктер болуы мүмкін. Ақпараттық жүйені толтырған кезде дәрігердің өз  жүктемелері бар, ол науқастарды қарағаннан кейін жүйеге салу керек. Асыққан кезде қателік кетуі мүмкін", - дейді Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай.

Медициналық сақтандыру қоры соңғы жарты жылда 12 мыңдай жалған қабылдау бойынша заңбұзушылықты анықтаған. Қазынаның 75 миллион теңгесі талан-таражға түсті.

Салаға жауапты министрліктегі тергеу кінәліні бәрібір анықтамақ.

"Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы қандай? "Дәрігерлер кінәлі" деп ешкім айтып жатқан жоқ. Бұл жерде дәрігерлерді заңбұзушылыққа итермелеген жүйе кінәлі болып тұр. Сол жағдайды тоқтатып, қордан ақша ұрлауға ешкімге еш мүмкіндік бермеу керек", - деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Оңай ақшаға кенелгісі келетіндердің ісімен қазір азаматтық-құқықтық негізде тексеріс жүріп жатыр. Іс насырға шапса, емхана мен медициналық сақтандыру қоры сотқа дейін бармақ. Заңға селқос қарағандарға айыппұл салынады.  
 

655
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Министр Біртанов алматылық дәрігерлердің ісіне қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысында бас дәрігер пара алды деген күдікпен ұсталды
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Рено мен Тойота соқтығысты

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды

232
Жолаушылардың бақытына орай, апатқа ұшырағандардың ешқайсысы қаза болған жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша, көлік ұрланған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Назарбаев даңғылының бойында, Бөгенбай батыр көшесіне жетпей, ірі жол апаты болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

  • Рено Назарбаев даңғылында дрифт жасады
    "Рено" Назарбаев даңғылында дрифт жасады
    © Sputnik / Стрингер.
  • Рено Назарбаев даңғылында дрифт жасады
    "Рено" Назарбаев даңғылында дрифт жасады
    © Sputnik / Стрингер.
1 / 2
© Sputnik / Стрингер.
"Рено" Назарбаев даңғылында дрифт жасады

Renault Scenic және Toyota Camry көліктері солтүстік бағытта келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, Renault жылдамдықты арттыра отырып, дрифт жасаған, бір уақытта жүргізуші рөлге ие бола алмай, бар жылдамдықпен Toyota-ны соққан, содан соң жол белгісін қиратып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Кейін көлік қайта жолға қарай ұшып түскен, соққыдан өрт шыққан.

Столкновение Рено и Тойоты
© Sputnik / Стрингер.
"Рено" мен "Тойота" соқтығысты

Ал Тойота жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Renault рөлінде иесі емес, басқа біреу отырғаны хабарланды. Көлік ұрланған болуы мүмкін.  

Toyota жүргізушісі полицейлер келгенге дейін Renault көлігінде болған адамды ұстап отырған, ол жарақаттанған. Тергеу оның көлікті жүргізгенін немесе жолаушы ретінде отырғанын анықтайды.  

232
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда жаппай жол апаты болды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Шығыс Қазақстан жолында төрт адам көз жұмды
Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео
Қостанайда полиция көлігімен болған жол апатында төрт жасар бала көз жұмды