Қоғам

"Менде ақша жоқ". 7 жасар баланың анасы Астанаға келуден бас тартқан

© Sputnik / Табылды КадырбековӘйел адам
Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл 7 жасар бүлдіршіннің анасына Астанаға келуді өтінген

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ОҚО-да зорланды делінген 7 жасар бала анасын сағынып жүргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Олардың айтуынша, анасы Алматыда жұмыс істейді. Бала бір ай бойы анасын көрмеген. Ол анасын сағынып жүр, күнде ол туралы сұрайды. Біз бірнеше рет анасына хабарластық, Астанаға келуі үшін барлығын жасағымыз келеді, алайда әзірге бұл мүмкін болмай отыр", — деді ол. 

Балиеваның айтуынша, ол әйелдің байланыс телефонын тек бірнеше күннен кейін ғана тапқан.

Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Балиева 7 жасар баланың отбасы туралы айтты

"Өзімді таныстырып, балаға көмектескіміз келетінін, оның қасында болу үшін Астанаға келе алатынын айттым. Алайда ол "менде ақша жоқ" деді. Біз одан "билетті сатып алып береміз, тек келсеңіз болды" деп өтіндік. Одан кейін онымен хабарласа алмадық, бұл соңғы әңгімеміз болды", — деді Балиева. 

Еске салып өтсек, үш-төрт күн бұрын отандық БАҚ бетінде "Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған" деген ақпарат тараған еді. Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында бар-жоғы бірінші сыныпта оқитын оқушыны өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдапты.

Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ОҚО-да зорлады делінген 7 жасар баланың анасы бірнеше күннен бері табылмай жүр

Алайда сот-медициналық сараптама қорытындысы бірінші сынып оқушысына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын теріске шығарды.

Кеше ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектепте болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды. Атап айтсақ, ҚР заңына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке қатаң ескерту берілді. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О.Бердалы  мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ә.Ибрагимов, ювеналды полиция бөлімшесінің №73, №74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриев қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0