Аружан Саин, архивное фото

Аружан Сайын жеті жасар баланың анасымен кездескенін айтты

785
(Жаңартылды 12:24 18.03.2018)
Аружан Сайынның айтуынша, баланың анасы қазіргі уақытта отбасының жалғыз асыраушысы

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Қоғам белсендісі Аружан Сайын оңтүстікқазақстандық 7 жасар баланың анасымен кездескенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Кеше біз анасымен кездестік, ол біздің көзімізше туыстарының бәріне хабарласты. Бірақ олардың телефоны сөндірулі. Кейін баланың әжесінің рахмет айтқан видеосы шықты. Бірақ әйел онда айтылған сөздерге сенбейтінін айтты", — деді Аружан Сайын Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, баланың анасы Астанаға бара жатыр немесе жетіп те қалды. Әйелдің жалғыз талабы – әділ тергеу. 

"Баланың анасы отбасының жалғыз асыраушысы. Олар, шын мәнінде, оралмандар. Өкінішке қарай, әжесі жұмысқа орналаса алмаған. Отбасында мүгедек адам бар. Әйел "менің сауатым аз, сегізінші сыныптан жұмыс істеп келе жатырмын, дәретхана, ыдыс-аяқ жудым" деп шындығын айтып отыр. Қазір ол қоғамдық тамақтану бойынша кәсіпті игеріп, жақсы маман болып, ақша тауып жүр", — деп Аружан Сайын баланың анасы туралы айтып берді. 

Аружан Сайын әйелдің бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиевамен сөйлескенін-сөйлеспегенін білмейтінін атап өтті.

Ал Зағипа Балиева бүгін Астанада БАҚ өкілдеріне өткізген баспасөз мәслихатында анасымен хабарласқанын айтты.

"Олардың айтуынша, анасы Алматыда жұмыс істейді. Бала бір ай бойы анасын көрмеген. Ол анасын сағынып жүр, күнде ол туралы сұрайды. Біз бірнеше рет анасына хабарластық, Астанаға келуі үшін барлығын жасағымыз келеді, алайда әзірге бұл мүмкін болмай отыр", — деді ол. 

Балиеваның айтуынша, ол әйелдің байланыс телефонын тек бірнеше күннен кейін ғана тапқан.

"Өзімді таныстырып, балаға көмектескіміз келетінін, оның қасында болу үшін Астанаға келе алатынын айттым. Алайда ол "менде ақша жоқ" деді. Біз одан "билетті сатып алып береміз, тек келсеңіз болды" деп өтіндік. Одан кейін онымен хабарласа алмадық, бұл соңғы әңгімеміз болды", — деді Балиева. 

Еске салып өтсек, үш-төрт күн бұрын отандық БАҚ бетінде "Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған" деген ақпарат тараған еді. Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында бар-жоғы бірінші сыныпта оқитын оқушыны өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдапты. 

Алайда сот-медициналық сараптама қорытындысы бірінші сынып оқушысына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын теріске шығарды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Шымкент қаласына барып, 7 жасар бүлдіршінді әжесімен бірге Астанаға алып келді. Қазір баланың жағдайы жақсы, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Кеше ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектепте болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды. Атап айтсақ, ҚР заңына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке қатаң ескерту берілді. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О.Бердалы  мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ә.Ибрагимов, ювеналды полиция бөлімшесінің №73, №74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриев қызметінен босатылды.

785
Кілт сөздер:
ОҚО, зорлау, 7 жасар бала, Аружан Сайын, Зағипа Балиева
Тақырып:
Абай ауылында "зорланған" бала ісі (18)
Сұлулық салоны

Дәрігер салонға барғанда корнавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты

1
(Жаңартылды 17:30 28.05.2020)
Клиенттер сұлулық салонындағы кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді қызмет түрлерінен қазірше бас тарта тұруы тиіс

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ресейлік жоғары санатты дәрігер Лариса Алексеева "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында шаштаразға барған кезде коронавирусты жұқтырудан қалай сақтану керек екенін айтты.

"Шаштаразда шаш қию, шашты сәндету секілді қызметті ғана пайдалануға болады. Бетке қатысы бар процедулар орындалмайды. Себебі адам міндетті түрде маскада болуы қажет", – дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, салонда клиент пен шаштараз маска тағу режимі мен өзге де қажетті шектеулерді сақтауы қажет. Сонымен қатар кірпік жалғау, бет тазалау, пилинг секілді күтімнен бас тартқан жөн.

"Екі адамның арасында байланыс өте жақын болғандықтан шаштараз бен клиенттің вирус жұқтыру қаупі жоғары", – деп ескертеді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді

Айта кетейік, ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде бес жарым миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ал 350 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Қазақстанда науқастар саны 9 576 адамға жетіп, 4 827 адам жазылып шықты, 37 адам қайтыс болды.

1
Кілт сөздер:
коронавирус, шаштараз, сұлулық
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Айдар, тұлым, кекіл: қазақ халқының балаға шаш қою дәстүрінің сыры неде?
Енді шаш алмайды: алматылық дәрігердің ісінен кейін министр шешім қабылдады
Қазақ қызының ұлттық киімі Кореядағы сұлулық байқауында үздік деп танылды – фото
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жігіт шаштараз мамандығын таңдады
Абай өлеңін оқып тұрып, шаш қиған Алматы тұрғыны танымал болып шыға келді
Kazpost постаматы, архивтегі фото

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы

23
(Жаңартылды 17:16 28.05.2020)
Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов курьерлік қызмет арқылы ақша табуға болатынын мәлімдеді. Оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, кей кезде сәлем-сауқат көп келеді. Әсіресе, күзде және жаңа жылдың алдында халық интернет арқылы тапсырыс жиі жасайды. Осындай уақытта Қазпоштаның қызметкерлері бәрін уақытында жеткізуге үлгермей жатады. Осыған байланысты алдағы уақытта курьерлік қызмет арқылы басқа адамдарға ақша табуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер төтенше жағдай кезінде зейнетақыны қалай алады

"Мысалы, қазір Яндекс Таксиге кез келген адам тіркеліп, ақша таба алады. Сол сияқты біз де курьерлік қызметті ұсынамыз. Кез келген адам біздің жүйемізге қосылып, бос тұрған сәлем-сауқаттардың бар екенін көре алады. Соны жеткізгені үшін ақша алады. Жақын арада осындай қызметті іске қосамыз", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алады. Ал курьерлік компаниялар бос отырған қызметкерлеріне қосымша тапсырыс беріп отырады.

23
Кілт сөздер:
табыс, "Қазпошта"
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Карантиндегі көмек: Қазақстанда жаңа сайт іске қосылды
Енді қазақстандықтар су жаңа көлігін онлайн тіркей алады
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады