Қоғам

Мемлекеттік хатшы "Тұмар" сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

© Photo : Служба центральных коммуникацийГүлшара Әбідқалықова
Гүлшара Әбідқалықова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Тұмар" ұлттық телевизиялық сыйлығы өткен жылы тағайындалған болатын

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова "Тұмар" ұлттық телевизиялық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Гүлшара Әбдіқалықова ұлттық телевизиялық сыйлықты тапсыру рәсімін ашып, Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Казахстанские журналисты шлют срочные новости своим информационным агентствам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Журналистер арасында тұңғыш ұлттық "Үркер" сыйлығы жарияланды
Құттықтауда 1958 жылдың көктемінде жұмысын бастаған Қазақстан телевизиясының бүгінде жоғары технологияларға арқа сүйейтін ауқымды салаға айналып отырғаны айтылған. Ол үздік техникамен жабдықталған телеарналарды қамтиды және бұл салада мыңдаған кәсіби мамандар еңбек етуде. Әсіресе қазақ телевизиясының қара шаңырағы – "Қазақстан" ұлттық телеарнасының алатын орны ерекше.

"Мемлекет қазақ телевизиясының заман талабына сай дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. ТМД аумағында баламасы жоқ "Қазмедиа орталығы" – осының айқын дәлелі", – делінген құттықтау хатта.

Елбасының құттықтауы оқылғаннан кейін "Тұмар" телевизиялық сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті.

Іс-шара барысында Мемлекеттік хатшы қазақ телевидениесінің құрылу тарихына және қазақ телевидениесінің 60 жылдық мерейтойына арналған көрмені аралап көрді.

Шараға парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, телевизия саласының ардагерлері, республикалық телеарналар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Меруерт Өтекешова мен Қанат Ислам Елбасының қолынан марапат алды
"Тұмар" сыйлығы 2017 жылы тағайындалған болатын. Ол телевизия саласындағы жоғары жетістіктер үшін беріледі және сапалы Қазақстан телевизиясын дамытуға, дарынды кәсіпқой мамандарды қолдауға бағытталған.

2018 жылы осы сыйлыққа ұсынылған жұмыстар 14 номинация бойынша қабылданды. Астананың 20 жылдық мерейтойы мен қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған номинациялар да бар.

Конкурсқа барлығы 400-ге жуық өтінім ұсынылған. Олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есе артқан.


Жаңалықтар
0