Ұйқы

Ғалымдар ұйқы кезінде мида не болып жататынын анықтады

1559
Баяу ұйқы кезінде маңызды ақпарат сақтайтын нейрондар арасындағы байланыс берік бола түседі

АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Лондоннның империялық колледжі мен Кембридж университетінің ғалымдары адам ұйықтап жатқан кезде мида қандай процестер жүретінін анықтады, деп жазады РИА Новости.

Ғалымдар баяу ұйқы сатысында еске түсірумен байланысты процестерге талдау жасады. Бұл үшін олар тышқандардың нейронын зерттеген. 

Ғылыми мекеме қызметкерлері ұйқы кезінде өзекті ақпарат сақтайтын нейрондар арасындағы байланыс берік бола түсіп, ал маңызды емес мәліметтердің байланысы әлсіреп, жоғалып кетеді деген пайымға келді. 

"Адамның уайымы мен оның маңызына қарай тиісті нейрондық байланыстардың өлшемі өзгеріп тұрады", — дейді зерттеу жұмысының авторы Ана Гонсалес Руэда.

Руэданың айтуынша, бұл тетік жүйке жүйесінің қатты қозуын тежейді. Бұған қоса, ми еш ақпаратты жоғалтпасқан ұзақ уақыт бойы маңызды мағлұматты есте сақтауға мүмкіндік алады. 

"Мидың есте сақтау қабілеті жақсы болғанымен, нейрондардың байланысы менн олардың белсенділігі үшін көп энергия қажет. Сондықтан тек қажетті ақпаратты ғана есте сақтау тиімдірек", — деп атап өтті зерттеуші.

1559
Кілт сөздер:
зерттеу, ұйқы, ғалымдар
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

860
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

860
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1777
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1777
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

0
Таулы Қарабақтағы Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы пен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

0
Кілт сөздер:
қақтығыс