оқушылар емтихан кезінде, архив суреті

Мектеп түлектері ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады

38
(Жаңартылды 20:34 19.03.2018)
Мектеп бітірушілер ұлттық бірыңғай тестілеуді үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігіне ие болады

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыра алады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. 

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсырғысы келген түлекке осындай мүмкіндік беріледі. Әрине, ешкімді мәжбүрлемейміз. Әркім тест тапсыратын тілді өзі таңдайды", — деді Сағадиев мәжілістегі үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне. 

Оның айтуынша, қазақ және орыс тілінде қандай тест сұрақтары болса, ағылшын нұсқасында да сол тапсырмалар болады. 

 


38
Кілт сөздер:
ағылшын тілі, білім және ғылым министрлігі, түлектер, ҰБТ, Ерлан Сағадиев
Тақырып:
ҰБТ - 2018 (49)
Загрузка...