Қоғам

Губернатор Кемероводағы жойқын өрттің неден шыққанын айтты

© Sputnik / Александр КряжевАман Тулеев
Аман Тулеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аман Тулеев өрттің бастапқы себебін түсіндірді

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Кемерово облысының губернаторы Аман Тулеев Ресей президенті Владимир Путинге айтқандай, Кемероводағы өртке ертеңгілікте болған отшашу себеп болуы мүмкін.

Кемерово облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-губернатор Кемерово тұрғындарынан тізерлеп тұрып кешірім сұрады

Путин Кемерово қаласында өрттің салдарын жою бойынша жиналыс өткізді.

"Өзім кездескен адамдардың айтуынша, ертеңгілікте отшашу болған. Бастапқы деректер бойынша, куәгерлер осылай депті. Бәрі содан басталған екен. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер: есіктер жабық, қосалқы есіктер де жабық, желдеткіш бар қуатымен жұмыс істеп тұр, ал түтін шығатын жер жоқ", — деді Тулеев жиналыс кезінде, деп жазады Кремльдің ресми сайты.

Өңір басшысы атап өткендей, "Адам қайғысын пайдаланып, оппозициялық күштер көтеріліп отыр: үй-үйлерге, жақын орналасқан кәсіпорындар мен жеке секторға барып жүр".  

"Қазір 200-дей адам жиналды. Бұлар тіпті қаза тапқандардың туысы да емес. Олармен сөйлесіп, түсіндіріп жатырмыз: "Бұлай болмайды, қайғыдан қан жұтып отырғанда, өз мүддеңді ойлап, проблемаңды шешуге тырысу дұрыс емес" дейміз(…) Менің мақсатым —  біреудің қайғысын пайдаланып, өздерінің түсініксіз бір ойларын іске асырғысы келетіндерге жол бермеу", — деп жалғастырды Тулеев.

Оның сөзіне сүйенсек, әр отбасыға материалдық көмек көрсетілді. 

"18 жасқа дейінгі балалары аман қалғандарға біз өзіміз көмектесеміз. Мен өзім әрбір отбасыны қабылдаймын. Бәрімен бірдей кездесемін. Қазір қарыздар мен несиелер бойынша мәселелер шешіліп жатыр. Бұл олар көтеріп отырған, тұрмыстық проблемалар", — дейді губернатор.

Жексенбі күні Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт шықты. Соңғы деректерге сүйенсек, өрт салдарынан 64 адам ажал құшқан. Қайғылы оқиғаға байланысты 28 наурыз жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Жаңалықтар
0