Қоғам

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісін тергеуге шетелдік сарапшылар тартылды

CC0 / / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеті жасар баланың ісіне Грузия, Ресей және Қырғызстан елдерінің сарапшылары араласады

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар Абай ауылында тұратын зорланды деген баланың ісін қарауға кірісті, деп хабарлады қоғам қайраткері Аружан Сайын.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Зорланды деген баланың ісіне қатысты тергеу аяқталды

"Бүгін қазақстандық және үш ел – Грузия, Қырғызстан және Ресейден келген сарапшылардың қатысуымен кезекті тергеу шаралары орындалды. Сарапшылардан ақпаратты таратпау жөнінде қолхат алынған. Әділетті әрі шынайы қорытынды шығады деп үміттенеміз. Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық бойынша тергеу де, сот процесі де үнемі жабық режимде өтеді, істің мән-жайын жариялауға ешкімнің хақы жоқ", — деп жазды Сайын Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

Оның айтуынша, келешекте басқа да сараптамалар жүргізіледі, ал түсіндіру жұмысы ҚР Бас прокуратурасының құзыретінде.

Қоғам қайраткері осы сәтте бала мен оның анасына моральдық қолдау көрсетіп отырғандардың бәріне алғысын білдірді.

"Анасы алғысын айтып жатыр. Әлбетте, моральдық жағынан оған өте қиын, дегенмен ақырына дейін баласын қорғауға бел буды", — деп атап өтті Аружан Сайын.

Жаңалықтар
0