Күшік

Астанада биыл жеті мың қаңғыбас ит піштіріледі

28
Былтыр қалалық бюджет есебінен 4 мың хайуан піштірілді

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Елордамызда 2018 жылдың жазынан бастап қаңғыбас иттерді тегін піштіру қолға алынады, деп хабарлайды elorda.info.

Бұралқы иттің архивтегі фотосы
© Sputnik / Константин Чалабов

"Биыл трансформацияға байланысты конкурс өткізіп үлгермедік. Бірақ қордан 500 басқа қаражат бөлінді. 2018 жылдың маусымында тағы да конкурс өткізіліп, биылғы жылға қосымша сатып алынады. Жыл соңына дейін 7-8 мың итті қамтимыз деп жоспарлап отырмыз", — деді "Астана ветсервис" директорының міндетін атқарушы Айдархан Арыстанов.

Оның айтуынша, бұл қаңғыбас иттердің популяциясын қадағалаудың жалғыз әдісі. Өйткені ит күшіктеген кезде иесі қайда апарарын білмей, күшіктерді қоқыс жанына қалдырып кетеді. 

Айта кетсек, 2017 жылы 4 мың қаңғыбас ит піштірілген.

28
Кілт сөздер:
піштіру, қаңғыбас
Загрузка...