Қоғам

Қазақстандық альпинист Эверест шыңына Астана туын тігеді

© Photo : предоставлено Управлением культуры и спорта АстаныАльпинист Мақсұт Жұмаев (сол жақта)
Альпинист Мақсұт Жұмаев (сол жақта) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Альпинист Мақсұт Жұмаев қазақстандықтардан экспедиция барысын қадағалап, Эверест шыңына шығуда сәттілік тілеуін сұрады

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев мамыр айының соңында халықаралық экспедиция құрамында Эверестке шығып, елордамыздың 20 жылдығы құрметіне Астана туын шың басына тігуді жоспарлап отыр. 

"Шыңды бағындыруымызды Елорда күніне арнауды жөн көрдік, мұны еліміз ғана емес, бүкіл дүние жүзі білсін дедік. Астанаға 20 жыл толғанын бәрі білсе екен деймін. Бұл үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік(…). Бізге қарап, қазақстандықтардың қандай мықты ел екенін көретін болады", — деді Мақсұт Жұмаев баспасөз мәслихаты кезінде. 

Экспедиция ресми түрде 10 сәуірде басталып, 28 мамырға дейін созылады. Альпинистің сөзіне сүйенсек, шыңды бағындыру кезең-кезеңге бөлініп, сапар барысында лагерьлер ұйымдастырылады.

© Sputnik / Асем МиржекееваАльпинист Мақсұт Жұмаев
Альпинист Мақсұт Жұмаев - Sputnik Қазақстан
1/2
Альпинист Мақсұт Жұмаев
© Sputnik / Асем МиржекееваАльпинист Мақсұт Жұмаев (сол жақта) пен Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысы Болат Мажағұлов
Альпинист Мақсұт Жұмаев  (сол жақта) пен Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысы Болат Мажағұлов - Sputnik Қазақстан
2/2
Альпинист Мақсұт Жұмаев (сол жақта) пен Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысы Болат Мажағұлов
1/2
Альпинист Мақсұт Жұмаев
2/2
Альпинист Мақсұт Жұмаев (сол жақта) пен Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысы Болат Мажағұлов

Қазақстандық отандастарынан экспедиция барысын қадағалап, Эверестті бағындыруына тілектес болуын сұрады.

"Сіздер де бізге қолдау көрсете аласыздар. Бүкіл Қазақстан халқы ақ жол тілеп, батасын берсе, міндетті түрде жолымызды оңғарады деп сенемін", — дейді альпинист. 

10 сәуірде Мақсұт Жұмаев Мәскеуге аттанып, ресейлік әріптестеріне қосылады.

Жаңалықтар
0