Қоғам

Танымал опера әншісі Астанада қайырымдылық шоуын өткізеді

© Photo : Жұлдыз Уәлиханның жеке архивіненЖұлдыз Уәлихан
Жұлдыз Уәлихан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жобадан түскен қаржы қатерлі ісікке шалдыққан баланың еміне аударылады

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. 14 сәуірде Астанада "Сенің бағыңда" атты музыкалық альбом мен ғажайып шоудың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осы сенбі, 14 сәуір күні сағат 17:00-де елордадағы Astana Music Hall кешенінде "Сенің бағыңда" музыкалық альбомы мен ғажайып шоудың тұсаукесері өтеді. 

Шараға белгілі опера әншісі Жұлдыз Уәлихан, танымал балет әртісі Досжан Табылды, композитор Сырым Нәбиқұлов және тағы басқалары қатысады.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтар көбірек қайырымдылық жасай бастады

Жобаның басты мақсаты – өнер арқылы еліміздегі онкологиялық ауруларға шалдыққан науқас балаларға қол ұшын беру. Қоғамды, барша адамзатты мейірімділікке, игі істер мен әрекеттерге шақыру.

Алғаш рет қазақстандық қана емес, сонымен бірге әлемдік сахнада өнер көрсететін бірегей опера әншісі мен танымал балет әртісі ерекше шоуды жаңа форматта ұсынбақ.

Шоу әйгілі әлемдік опера, халық әндерімен қатар, балеттің жаңаша қойылымдарынан тұрады. Музыкалық нөмірлер дыбыс, дауыс және би арқылы түрлі сезімнің бүкіл драматургиясын көрсетеді. Жаңа көрсетілімдегі опера мен балет өнері рухани көңіл-күй ғана сыйлап қоймай, сонымен бірге еліміздің мәдениетінің дамуына үлес қоспақ.

Сондай-ақ, музыкалық шоу аясында "Сенің бағыңда" атты жаңа клиптің тұсауы кесіледі. Бейнебаян бір жыл бойы әзірленді. Түсірілім жұмыстары Италия мен Қазақстанда өтті.

Аталған шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, шоу-бизнес өкілдері қатысады.

Сол кеште сахнада қатерлі ауруға шалдыққан баланың есімі аталып, анасына музыкалық дискінің сатылымынан түскен қаржы табысталып, еміне аударылады.

Жаңалықтар
0