Смартфон

Қазақстандықтар сот қарыздарын онлайн режимде төлей алады

34
(Жаңартылды 11:30 19.04.2018)
Айыппұл, мемлекеттік баж, өсімақы және басқа да төлемдерді жеке тұлғалардың шотына немесе мемлекеттік кіріске онлайн түрде аударуға болады

АСТАНА, 14 cәуір — Sputnik. Қазақстанның әділет министрлігі мен Kaspi Bank сот қарыздарын өтеу бойынша жаңа онлайн қызмет көрсету ұсынады.

Жаңа қызмет құжатты орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану қажеттігін жойып, жүріс-тұрысты уақытша шектеу амалын алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл қызмет "Казпошта" АҚ-мен бірлесіп атқарылып жатыр.

"Қызмет көрсетудің көмегімен азаматтар айыппұл, мемлекеттік баж, өсімақы және басқа да төлемдерді жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және мемлекеттік кіріске төлей алады. Тек мерзімдік алымдар (алимент және келтірілген шығынның өтемақысы), мүліктік емес сипаттағы атқарушы құжаттардың талаптары бұған кірмейді", — деп хабарлады Әділет министрлігі баспасөз қызметі.

Автоматтандыру жобасы былтырғы жылдан бері жүзеге асырылып келеді, сот атқарушыларының жұмысын айқындап, азаматтардың өз міндеттерін орындауын жеңілдетуге бағытталған.

34
Кілт сөздер:
онлайн режим, Қазақстанның әділет министрлігі
Загрузка...