Электронды темекі

Денсаулық сақтау министрі: электронды темекіден аулақ болыңыздар

39
(Жаңартылды 13:54 15.04.2018)
Елжан Біртанов қазақстандықтарға электронды темекіні тартпауға кеңес берді

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кәдімгі және электронды темекінің зияны мен проблемалары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Темекі мен оны алмастырушылардың ешқандай пайдасы жоқ. Алмастырушының өзі оның қандай да бір аналог екенін көрсетеді. Мен қазақстандықтарға белгісіз химиялық заттардан аулақ болуға кеңес берер едім. Немесе сол заттың химиялық құрамын жіті зерттеп, қорытынды жасау керек. Мүмкін, оның құрамында есірткі бар шығар. Есірткі заттарының күн санап көбеюі бізге және ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізге қиындық тудырып отыр. Оларды бақылап үлгере алмай жатырмыз", — деді ведомство басшысы. 

Біртановтың айтуынша, емханаларда сауықтыру кабинеттері жұмыс істейді,  ондағы дәрігерлер темекімен күрестің ғылыммен дәлелденген қауіпсіз әдістерімен бөлісе алады.

39
Кілт сөздер:
зиянды әдеттер, электронды темекі, Елжан Біртанов