Қоғам

Министр Атамқұлов Нығматулинге жауап беремін деп депутаттарды күлдірді

© Sputnik / Болат ШайхиновБейбіт Атамқұлов
Бейбіт Атамқұлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды

АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik, Нұргүл Абай. ҚР мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министріне ауыл шаруашылығы министрлігін сапалы ғарыш суреттерімен қамтамасыз етуді тапсырдын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нығматулин "түсініксіз" зерттеулерге миллиардтаған теңге сұраған білім министрін сынады

"2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралған отырыста депутат Сергей Звольский қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтан жер серіктерінен алынған суреттердің неге жарамсыз екенін сұрады. Оның айтуынша, 2018-2022 жылдарға арналған бюджетте ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін ғарыш суреттерін сатып алуға 1,8 млрд теңге қарастырылған. 

"Бірақ сенатта аграрлық мәселелер бойынша өткен техникалық отырыста ауыл шаруашылығы министрлігі суреттердің 75 проценті жарамсыз екенін айтты. Болашақта министрлік ұлттық компанияның қызметтерінен бас тартуды жоспарлап отыр. Айтыңызшы сонда, егер суреттердің ешкімге қажеті болмаса, онда мұндай шығысты жоспарлаудың не керегі бар?", — деді депутат.

Ғарыш - Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар ғарыштан түсірілген суреттерді сатып ала бастады

"Өте орынды сұрақ. Қазір суреттерді интернеттен де алуға болады деген қате түсінік бар. Бізде интернеттің үш ресурсы бар, 20 метр диапазонда суреттерді тегін ұсынатын спутниктер. Біздің жер серіктері 1 және 6,5 метр диапазонда жұмыс істейді. Суреттердің сапасына қатысты айтар болсам, бұған дейін ұсынылған суреттер – бұл спутниктердің жерүсті өңдеуінің техникалық шешімі. Бүгінде біз ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша 33 міндетті орындап жатырмыз. Геопортал бойынша мәселелер шешілді. Яғни топырақ ылғалдылығын анықтау, шегірткелердің қаптауы, өнімділік және тағы бақа қажетті міндеттерге сәйкес суреттердің сапалы өңделуін жүргізетін гепортал орнатылуда. Бұл мәселе үнемі көтеріліп жүр, біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз. Биыл кадрларды оқыту мәселесін шешеміз. Ұлттық оператор болып "Қазақстан ғарыш сапары" бекітілді. Менің ойымша, бұл мәселені жұмыс тәртібінде шешкен жөн, өйткені мұнда техникалық тапсырмалар көбірек", — деді Атамқұлов. 

Осы кезде спикер Нұрлан Нығматулин министрден жауапты нақтылауды сұрады.

"Сонымен, сапаны қамтамасыз етесіздер ме, жоқ па? Бір сауалдың төңірегінде айналшықтап жүріп алдыңыз ғой. Мен сізге анықтаманы оқып береейін. Ауыл шаруашылығы министрлігі сұрақты дұрыс қойып отыр. Ақша төлейсіз, суреттердің 75 проценті жарамсыз. Сіздердің мамандарыңыз белгілі бір процент сәйкессіздік бар дейді. Қалғаны – шегіртке, бұлттылық, қар жамылғысы. Қараңыз, бұлттылық өмір бойы болады, шегіртке де маусым сайын шығады, ал қар жамылғысына келсек – қыста онсыз да қар. Сонда мұнымен не айтқыңыз келеді? Бұл мемлекеттің ақшасы емес пе, сізге мемлекеттік тапсырыс беріліп отыр. Содан кейін, аграрийлер үшін 75 пайызы жарамсыз болса, онда кім алады бұл суреттерді? Басқалармен алмасасыз ба, өзіңіз түсірісесіз бе, әйтеуір ауыл шаруашылығы министрлігін қамтамасыз етіңіз", — деді Нығматулин. 

Спикер егер ауыл шаруашылығы министрлігінің суреттерге тағы көңілі толмаса, онда ведомство аталған қызмет бойынша басқа компанияларға тапсырыс беретінін айтып "қорқытты". 

"Қамтамасыз етеміз. Бұған қоса, біздің суреттердің бағасы шет елдің коммерциялық ұйымдарына қарағанда бірнеше есе арзан", — деді қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы. 

Министрдің бұл жауабы депутаттарды біраз күлдірді. 

"Сіз қазір министр сияқты емес, Алай базарының "менің тауарым жаман, бірақ арзан" дейтін танымал қатысушысы сияқты сөйледіңіз", — деп күлді Нығматулин.

Жаңалықтар
0