Қоғам

Астанада металл гараждар мен баннерлер бұзылып жатыр

© Photo : Арман ТурлубекЗаңсыз жарнамаларды демонтаж жасалып жатыр
Заңсыз жарнамаларды демонтаж жасалып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Сарыарқа" ауданында үйлердің аулаларындағы заңсыз конструкциялар құлатыла бастады

АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Астананың Сарыарқа ауданында металл конструкциялар бұзылып жатыр.

Тұрақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Айыппұл төлемеген жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін
  

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек  Facebook-тегі парақшасында металл гараждар мен жарнама конструкциялары бұзылып, әкетіліп жатқанын хабарлады.  

"Жігіттер, бұлай болмайды! Заң бар, ереже бар! Жарнаманы архитектурамен келісіңіздер де, орната беріңіздер! Ал жеке сектордың тұрғындарынан құрылыс материалдарын жалпыға ортақ аумақта емес, өз үйіңіздің аумағында жинауды өтініп сұраймын! Сондай-ақ аулалардағы металл гараждарды әкетуге кірісіп жатырмыз, балалар алаңдары мен қоғамдық пайдалану орындарының орнына заңсыз құрылыстар тұр. Біздің қаламыз өзімізден басталады!!!", — деп жазды әкім. 

Жаңалықтар
0