Қоғам

Бас прокуратура Ермегияевтің VIP-камерада отырғанына қатысты түсініктеме берді

© SputnikТалғат Ермегияев
Талғат Ермегияев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы оқиғадан кейін бүкіл Қазақстан түрмелерінде тексеріс жүргізілген

АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. ҚР Бас прокуратурасы заңдық күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Қайрат Жақыпбаев Талғат Ермегияевтің VIP-камерада отырғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ермегияевтің бар жағдайын жасаған түрме басшысы мен орынбасары қамауға алынды

"Ермегияевтың тікелей VIP-камерасы болған жоқ, жай ғана өндірістік аймақта барлық жағдай жасалған кабинет жасақталған. Камерада отырғанда бір күн бойы оған жағдай жасалған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Екі адам жұмыстан шығарылды, 16-дан астам тұлға жазаланды. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан бойынша тексеріс жүргізу туралы нұсқау берілді. Қаңтар айында барлығын тексердік. Сол кезде тағы да заң бұзушылықтар анықталды. Біреуден телефон, кілем, тұрмыстық техника тәркіленді.  Осы бойынша министрге ұсыныс енгізіліп, 26 адам жазаланды. Біз бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз, кезең-кезеңмен тексеріп тұрамыз", — деді Жақыпбаев.

Еске салып өтсек, өткен жылдың соңында жазасын өтеп жатқан Талғат Ермегияевке түрме басшысы мен орынбасары жағдай жасағаны белгілі болған еді. Ұлттық бюроның ақпаратынша, "Астана-ЭКСПО" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы ұялы телефон мен интернетті қолданып, ішімдік ішкен. 

Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусым айында 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Лауазымды топ-менеджер  "Экспо" халықаралық көрмесіне бюджеттен бөлінген миллиардтарды жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.


Жаңалықтар
0