тұрғын үй, архив суреті

Елімізде баспанаға мұқтаждық неге азаймай отырғаны анықталды

153
(Жаңартылды 16:22 24.04.2018)
Ресми мәліметтер бойынша, елімізде баспанаға мұқтаж адамдардың саны 2,6 миллион, яғни халықтың 14%-ы екен

АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. "Нұр Отан" партиясы елімізде баспанаға мұқтаждық неге азаймай отырғанын зерттеген. Сөйтіп, әкімдіктердің өңірде салынған үйлер туралы үкіметке беретін есебі дұрыс болмай шықты. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Қазақстандағы әрбір бесінші адам тұрғын үй мәселесіне қанағаттанбайды. Мәселен, 26 %-н несиені өтеу мәселесі алаңдатса, 14%-н жеке тұрғын үйі жоқтығы мазалайды, 22%-ы өзінің тұрғын үй жағдайына қанағаттанбайды, яғни алты баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрады", — деп атап өтті партия хатшысы Ақтау қаласында Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша өткен отырыста. 

Сондай-ақ, ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылдың басында баспанаға мұқтаж адамдар саны 2,6 миллион болды, яғни халықтың 14%-ы. 420 мың адам әкімдіктерде және 1 миллион 200 мың адам жер алу кезегінде тұр. Шамамен, халықтың 10%-ы бір бөлмелі пәтерде тұрады. Осылайша, халықтың көп бөлігі не өз баспанасына мұқтаж немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуды қалайды екен. 

"2017 жылы 11 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, бірақ үйге деген сұраныс толастар емес. Неге? Біз «Нұр Отан» партиясы сұрақты зерттеп қарасақ, бұл әкімдіктердің кейбір есептеріне байланысты екен. Мысалы, "Осыншама миллион шаршы метр үй берілді" дейді, бірақ қалталылардың салып жатқан бірнеше үйі де сол есепке кіріп кетеді. Себебі, ауданның құрылыс бөлімшесі мәліметтерді жинақтап береді, ал облыстық басқарма  берілген есепті үкіметке ұсынады. Әрине, есеп жүзінде мұқтаждық жабылады, ал халықтың мұқтаждығы қалады", — дейді Қаныбек Жұмашев.

Отырыста белгілі болғандай, Қазақстан ұлттық банкі "7-20-25" бағдарламасы бойынша Астана, Алматы қалалары мен облыстар үшін жоғары өтеу бағасын алдын ала таныстырды. Мысалы, Астана мен Алматы қалаларына бір адамның қолына 20-25 миллион, ірі қалаларда 13-16 миллион, ауылдық жерлерде 7-8,8 миллион теңгеге дейін ипотекаға қаржы беріледі. 

"Бұл бағдарламамен ауылда үй салынбаса, ол жұмыс істемейді деген сөз", — деді партия хатшысы.

 

 

 

153
Кілт сөздер:
ипотека, әкімдік, партия, Нұр отан, мұқтаждық, тұрғын үй, баспана
Күн, архивтегі фото

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме Бекшин жауап берді

171
Алматының бас санитар дәрігері қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатқанын мысалға келтірді  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күн сәулесі вирусты өлтіретіні дәлелденбеген. Алайда ЖРВИ, тұмау секілді аурулар сәуірдің соңы мен мамырдың басында күннің ыстық болуына байланысты өршуін тоқтатады.

"Коронавирусқа келетін болсақ, қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатыр. Мысал ретінде Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанды айтуға болады. Осыдан-ақ вирустың күн сәулесіне қарсы тұра алатынын байқауға болады. Мысал ретінде қаламызда 30 градус ыстық болып тұр, алайда инфекция жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық нысандардың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

"Вирус адам ағзасында өмір сүреді, көбейіп, сыртқа шығады. Сондықтан нашар желдетілетін жабық нысандар өте қауіпті болып саналады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді 

Айта кетейік, Алматыда 2 715 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1 627 адам жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

171
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин, күн
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады
Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Архивтегі фото

Елбасы медалі ерекше ережемен табысталады

19
Жобаға 14-29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Басты мақсат – жастарға өзін жетілдіруге серпін беру

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Елбасы медалі" ұлттық жобасы басталды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы Академиясы" корпоративті қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жаңа жоба аясында нақты жеті бағыт айқындалған:

  • Спорт және дене шынықтыру.
  • Кітап оқу.
  • Дарын мен дағды.
  • Ұлттық мұра.
  • Еріктілік.
  • Туристік саяхаттар.
  • Еңбек тәжірибесі.

"Жобаның басты мақсаты – 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтарға өзін жетілдіруге серпін беру. Бұл дегеніміз, осы жасқа сәйкес келетін кез келген адам қатыса алады. Әсіресе, карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивацияға айналады деп сенеміз. Олар өздерінің физикалық жағдайын жетілдіріп, дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, айналасындағы адамдарға да көмегін тигізуі керек. Жаңағы жеті бағыт аясында кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру жұмысын бастай беруге болады. Жоба челендж форматында өтеді. Бағдарламаға қатысу тегін", - деді Жанғозин бүгінгі онлайн брифингте.

Қазақстанда "Елбасы медалі" бекітілді: кімдер марапатталады 

Бағдарламадан сәтті өткен жастар Елбасы медалімен марапатталады. Оның үш дәрежесі бар. Олар – қола, күміс пен алтын. Әр деңгейдің өзіндік талаптары белгіленген.

"Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында алдағы екі аптаның ішінде тіркелу керек. Бүгінгі таңда алдын ала тіркеуден өткен қатысушылардың саны 6 мың адамнан асып отыр. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Олар өз дағдыларын дамытып, нақты нәтиже көрсетуі керек", - деп түсіндірді Жанғозин.

19
Кілт сөздер:
жастар, медаль, Елбасы
Тақырып бойынша
Қазақстанда "Халық алғысы" медалі пайда болуы мүмкін
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Депутат үш дәрежелі Даңқ ордені иегерінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді