Мешіт

Елімізде "100 үздік имам" мен "үлгілі мешіт" анықталады

264
(Жаңартылды 19:07 27.04.2018)
Байқау арқылы таңдалған үздік имамдарға сыйақы беріледі

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанда ең білікті имамдарды анықтау мақсатында биыл "100 үздік имам" байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біз ҚМДБ-мен бірлесе отырып, ел аумағында ең білікті дін мамандарын арнайы конкурс арқылы таңдауды көздеп отырмыз. Қазір "100 үздік имам" байқауын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жаты. Сыйақы мөлшері анықталуда. "Уақып" қорының қамқорлық кеңесінің отырысында ол сома нақтыланып, бекітіледі", — деді ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ал ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб-мүфтиі Бауыржан Есмахан жаңа жобаға қатысты діни басқарманың да ұсыныстары бар екенін айтты.

"100 үздік имам" тың әрі жақсы жоба. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері комитеті ұсынып отыр. 2-ші республикалық имамдар форумында "ХХІ ғасырдағы зияткер имам" деген тұжырымдама қабылданған болатын. Соның негізінде 100 имамды таңдап алу, оларға көмек жіберу жоспарланып отыр. Жаңа жоба болғаннан кейін біздің де  ұсыныстарымыз болады. Соның ішінде, жақсы көзге түскендерге сый ретінде қажылыққа алып баратын компаниялар арқылы үлкен немесе кіші қажылыққа жолдама беруге болады. Ондай мүмкіндік бар", — деді бас мүфтидің орынбасары. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, діни басқарма биыл еліміздегі ең үлгілі мешітті анықтайды.  

"Діни басқарма "Үлгілі мешіт" байқауын бұрын өткізген болатын. Биыл соны жалғастырғалы отырмыз.  Үлгілі мешітті анықтау кезінде оның тек сыртқы көрінісі ғана емес, сондағы имамдардың жамағатпен жұмыс істеуі, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы ескеріледі", — деді ол.

264
Кілт сөздер:
мешіттер, имамдар, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Қазақстанның ұлттық валютасы

Назарбаевтың қорынан отбасыларға берілетін 50 мың теңге туралы ақпарат шықты

147
Елбасының бастамасымен "Birgemiz" қоры 550 мыңнан астам отбасыға біржолғы қаржылық қолдау көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңінде көмекке мұқтаж 80 мыңнан аса отбасы елу мың теңгеден алды.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

"Елбасының тапсырмасы бойынша #BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңі аяқталды. Еліміздің ауылдық елді мекендерінде тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды", - деп жазды Байбек Instagram-да.

Осылайша Назарбаевтың бастамасымен "Birgemiz" қоры 550 мыңнан астам отбасыға біржолғы қаржылық қолдау көрсеткен. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл – 2 миллиондай қазақстандық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Сонымен қатар, Байбектің айтуынша, тұрмысы төмен 100 мың отбасыға 5 миллионнан астам маска тегін таратылды.

"Nur Otan" партиясы мен тұңғыш президент қоры желісі бойынша 300 мыңдай отбасы азық-түлік себетін алды. Бұл іске "Jas Otan" жастар қанатының 5 мыңнан астам волонтері атсалысты", -деді ол.

Тағы оқыңыз: Birgemiz қорынан өтінім бермей-ақ 50 мың теңге алуға болады – көмек кімдерге тиесілі

Бұдан бөлек, нұротандықтар Түркістан облысының су басқан ауылдарына мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті.

Шілде айында Достық ауылының тасқыннан зардап шеккен тұрғындары үшін салынып жатқан үйлердің құрылысы аяқталады.

147
Кілт сөздер:
отбасы, Назарбаев, ақша
Тақырып бойынша
"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды
"Birgemiz" қорына төрт адам 4 миллиард теңге аударды
Ахмет Байтұрсыновтың 1926 жылы шыққан Әліп-биі

"Ол қазақ қызына тән қайсарлығымен көзге түсті": Әшімбаев Рәбиға Сыздықтың қазасы туралы

57
(Жаңартылды 15:16 04.07.2020)
Оның Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына сіңірген еңбегін ашық айтып, мол мұрасын жаңғыртуға талпыныс жасауы ерен ерлікпен тең болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақ тілінің абыз анасы атанған, ұлылардың көзі болған ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Рәбиға Сыздықтың қазасы – ұлтымыз үшін орны толмас қайғы, деп жазды парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Рәбиға Сәтіғалиқызы отандық ғылымның, соның ішінде қазақ тіл ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға екенін еске алған Әшімбаев оның ғұмыры ана тіліміздің тарихы, қалыптасуы мен дамуын терең зерделеуге арналғанын атап өтті.

"Соңында "Қазақ әдеби тілінің тарихы", "Сөздер сөйлейді", "Сөз құдіреті", "Абай шығармаларының тілі", "Абайдың сөз өрнегі" сияқты ұрпаққа өнеге болар өшпес мұра, іргелі еңбектер қалдырды", - деп жазды ол.

"Сонымен қатар, Рәбиға апай тіл білімін жан-жақты зерттеу арқылы ұлтымыздың тарихи, мәдени, танымдық кеңістігіне, ұлы тұлғалардың өнегелі ғұмырнамасына жаңаша үңілді. Ұлтымыздың біртуар ұлдарының есімдерін жаңғыртып, тарихи әділеттілік орнатуда қазақ қызына тән қайсарлығымен көзге түсті. Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына сіңірген еңбегін ашық айтып, оның мол мұрасын жаңғыртуға талпыныс жасауы ерен ерлікпен тең болатын", - деген сенат спикері Рәбиға апайымыз бәріміз үшін ғылымға адалдықтың және ұлтқа аянбай қызмет етудің озық үлгісі бола білгенін атап өткен.

Оқи отырыңыз: Тоқаев майдангер әкесі туралы: Соғыс жайлы айтқысы келмейтін

"Сондықтан апамыздың қазақ руханиятына қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды және жарқын бейнесі мәңгі жадымызда сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деп жазды Әшімбаев.

Айта кетейік, 4 шілде күні Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық 96 жасында дүниеден озғаны хабарланған болатын.

57
Кілт сөздер:
тіл, ана тілі, Мәулен Әшімбаев
Тақырып бойынша
Әшімбаев: Дүтбаевты ұстауға ҰҚК өз бетімен шешім қабылдай алмаған
Әшімбаев: ауыл жастарына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер тартамыз
"Мемлекеттің ресурсы шектеулі": Әшімбаев халыққа бос отырмай, жұмыс істеуге кеңес берді
Әшімбаев президент Атамбаевтың сөзі туралы: сыртқы саяси күштердің ықпалы жоқ
Тоқаевтың сенімді өкілі болған Әшімбаев туралы қызықты деректер