сабақта отырған оқушылар, архив суреті

Саратовта Қазақстанмен шекаралас аудандарда қазақ тілі сабағы енгізіледі

104
(Жаңартылды 09:39 28.04.2018)
Қазақ тілі сабағын енгізуге облыстағы «Қазақстан» мәдени орталығы көмектеседі

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Саратов облысында Қазақстанмен шекаралас аудандарда қазақ тілі сабағы енгізіледі, деп хабарланған Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайтында

Саратов облыстық думасында мемлекеттік ұлттық саясат стратегиясын жүзеге асыру мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткен. Жиында өңірлік білім министрінің орынбасары Виктория Ушаковаға "Қазақстан" мәдени орталығының жетекшісі Үмітхан Жөнелбаева өтініш айтты. 

"Шекаралас аудандарда қазақ тілі факультативтік сабақтарын ұйымдастыру бойынша көмек беруіңізді сұраймыз. Қазақтар көп тұратын аудандарда, оқушылардың 30 пайызын қазақ балалары құрайтын сыныптарда ашуға мүмкіндік бар. Біз жәрдемдесуге дайынбыз. Бізге тек министрлік осындай факультатив жүргізуге рұқсат берсе болды. Бұдан бөлек, бізге облыстық дума көмектессе, біз батысқазақстандық мамандарды тартамыз", — деді Жөнелбаева. 

Ушакова министрлік бұл мәселемен айналысатынын айтып, қазақ тілі сабақтары қажет елді мекендердің тізімін беруді сұрады. 


104
Кілт сөздер:
шекаралас аудандар, көрші ел, қазақ тілі, сабақ, Ресей, Саратов облысы
Дәрігер қолындағы пробирка

Соңғы тәулікте 1 798 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

26
Коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің басым көпшілігінде – асимптоматикалық болып табылады. Ең көп жағдай Атырау мен Шығыс Қазақстан облысында және Алматы қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Өткен тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 779 науқас анықталды. Оның ішінде 1 061 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Жалпы, республика бойынша 58 253 жағдай анықталды. Өткен тәулік ішінде COVID-19 дертінен 1 314 адам емделіп шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы статистика/асимптоматикалық):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 88 / 40
  • Алматы қаласы - 242 / 81
  • Шымкент қаласы - 137 / 99
  • Ақмола облысы - 38 / 23
  • Ақтөбе облысы - 40 / 25
  • Алматы облысы - 48 / 29
  • Атырау облысы - 269 / 200
  • Шығыс Қазақстан облысы - 211 / 150
  • Жамбыл облысы - 79 / 64
  • Батыс Қазақстан облысы - 97 / 43
  • Қарағанды облысы - 158 / 93
  • Қостанай облысы - 56 / 19
  • Қызылорда облысы - 91 / 33
  • Маңғыстау облысы - 72 / 67
  • Павлодар облысы - 51 / 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 48
  • Түркістан облысы - 56 / 41.
26
Кілт сөздер:
індет, эпидемия
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қытайдағы жаңа коронавирус: әлемге эпидемия қаупі төніп тұр - видео
Эпидемия қаупі қалыпты өмірге оралуға кедергі болмауы тиіс – Біртанов
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
Таразда індет жұқтыруға жол берген әскери бөлімнің лауазым иелері қызметінен босатылды
Той

Алматыда той өткізгендер ел-жұртқа масқара болды видео

7092
(Жаңартылды 09:28 12.07.2020)
Алматыда бақылау тобының өкілдері жасырын жағдайда өтіп жатқан той үстінен түсіп, мейрамхана иесіне хаттама толтырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қала әкімдігінің жанындағы бақылау тобының өкілдері Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалында өтіп жатқан той үстінен түсті, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Енгізілген қосымша шектеулерге қарамастан, "Райский сад" мейрамханасында өткен тойға бақылаушылармен бірге телеарнаның түсірілім тобы да барған.

Видеодан тойға жиналған қонақтар мониторинг тобының қызметкерлерін көргенде бетперде кие бастағанын байқауға болады. 

Қонақтар сол мезетте-ақ таратылып, мейрамхана иесіне хаттама толтырылды. Енді оған үлкен сомада айыппұл салынуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қатаң карантин: қазақстандықтар алдағы екі аптада да той өткізе алмайды

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар санының өсуіне байланысты 5 шілдеден бастап Алматыда қосымша шектеулер, оның ішінде жаппай және отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

 

7092
Кілт сөздер:
Алматы, карантин, той
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Төтенше жағдай аяқталды: қазақстандықтарға той-томалақ өткізуге бола ма
Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме
Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді
Қазір той тойлап жүретін уақыт емес – президент
Вице-премьер тығылып той өткізетіндер туралы айтты