Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Қазақстан халқын 1 мамыр мерекесімен құттықтады

35
(Жаңартылды 10:41 02.05.2018)
Бүгін Қазақстан халқы бірлік күнін тойлап жатыр

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды, деп хабарлайды Ақорда.

"Баршаңызды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік. Әлемге танылып, биік беделге ие болдық", — дейді президент.

Оның айтуынша, бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну — еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы.

"Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздің кең байтақ ортақ отанымыз — Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маңызды құндылықтар қоғамымыздың дүниетанымын анықтап, оның одан әрі біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.Мемлекет өмірінің барлық саласындағы ауқымды жаңару жаңа белестерді бағындырып, жеңіске жету жолында бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін", — деген Елбасы барша қазақстандыққа зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тіледі.

 

 

35
Кілт сөздер:
Елбасы, Қазақстан халқы, мейрам, бірінші мамыр, Назарбаев
Загрузка...