Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп

Трамп Назарбаевтан не сұрады: Елбасы АҚШ президентімен арада болған әңгіме туралы айтты

3360
(Жаңартылды 18:13 02.05.2018)
Қазақстан президенті биыл 16-18 қаңтарда АҚШ-қа ресми сапармен барған еді

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев америкалық әріптесі Дональд Трамптың АҚШ-та болған кездесуде не сұрағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қаңтарда мен жұмыс сапарымен АҚШ-та болдым. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның қай елдермен жанжалдасып жүргенін сұрады. Мен ешбір елмен қақтығыспайтынымызды айттым. Барлық мемлекет бізді сыйлайды, ал біз оларды құрметтейміз", — деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен мерекелік концертте.

Президент Қазақстанның бірлік, әрбір адамға бостандық пен тең мүмкіндік беруді дәріптейтінін айтты. Оның сөзінше, тәуелсіз қазақ елі халық бірлігінің арқасында дамып, өркендеп келеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Америка Құрама Штаттарына биыл 16-18 қаңтарда ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Бұдан бөлек, ресми және іскер топтардың өкілдерімен кездесті.

 

 

3360
Кілт сөздер:
АҚШ президенті, кездесу, ресми сапар, Елбасы, Дональд Трамп, Назарбаев, АҚШ
Загрузка...