Пойыз

ҚТЖ пойыздағы әйел адамның қазасына қатысты түсініктеме берді

617
(Жаңартылды 11:45 03.05.2018)
Жолаушы әйел бірнеше жыл бойы созылмалы аурумен ауырған екен

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. "Қазақстан темір жолы" еншілес компаниясы — "Жолаушылар тасымалы" АҚ Алматы — Астана бағдарлы пойыздағы әйел адамның қазасына қатысты пікір білдірді.

"Алматы — Астана бағдарлы пойызында әйел адамның көз жұмуы №5 жолаушылар вагонындағы жағдаймен байланысты емес. Әйел адаммен бірге келе жатқан жұбайы жолсеріктердің әрекетіне ешқандай шағым түсірмейтіні туралы жазбаша түсініктеме беріп, әйелінің қазасына он жылдан астам уақыт бойы күрескен ауыр созылмалы науқас себеп болғанын растады", — делінген компания хабарламасында.

Мекеме түсіндіріп өткендей, Шу станциясына жетуге 15 минут қалғанда жолсеріктерге әйелдің науқасы асқынып, өзін нашар сезіне бастағанын хабарлаған. Пойыз басшысы медициналық бригаданы шақырып, дәрігерлер станцияға жеткенше алғашқы жәрдем көрсеткен.

"Әрі қарай Шу — Отар аралығында жолаушының жағдайы күрт төмендеп, пойыз бастағы тағы да жақын маңдағы станцияға "жедел жәрдем" шақырған, бірақ өкінішке орай Отар станциясында фельдшер әйел адамның көз жұмғанын мәлімдеді", — делінген хабарламада.

Компания қайтыс болған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты.

617
Кілт сөздер:
қайтыс болды, әйел адам, пойыз
Загрузка...