Мұғалім

Депутат жалақысы аз колледж мұғалімдерінің мәселесін қозғады

301
(Жаңартылды 13:10 03.05.2018)
Мәжілісменнің айтуынша, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында еңбек өтілі 25 жылды құрайтын оқытушылардың жалақысы небары 82 мың теңге

АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Әбдіманап Бектұрғанов кәсіптік-техникалық білім беру саласының кейбір проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутаттардың сауалы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа жолданды. Сауалда кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы түйткілді мәселелер қозғалған. Мәжілісмен Бектұрғанов жалақының аздығынан колледждерге тәжірибелі оқытушылар тарту қиынға соғып отырғанын айтты. 

"Қазіргі уақыта кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында инженерлік-педагогикалық кадрлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы байқалады. Біліктілік санатына қосымша ақы берілмейтіндіктен, жалақы деңгейінің төмендігі тәжірибелі оқытушыларды тартуға мүмкіндік бермей отыр. Оқытушылардың айлығы 68 мың теңге, ал еңбек өтілі 25 жылды құрайтын мұғалімдер 82 мың теңгеге дейін ғана алады. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері біліктілік санаты үшін қосымша ақы алатынын білеміз. Алайда жоғары және бірінші біліктілік санаты бар колледж мұғалімдеріне Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 27 қаңтарындағы бұйрығына қарамастан қосымша ақы төленбейді. Білім және ғылым министрлігіне барлық жергілікті атқарушы органның осы бұйрықты орындауын бақылауға алуды ұсынамыз", — деді депутат.

Бектұрғанов, сондай-ақ, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқытушылардың беделін көтеру үшін ұстаздардың біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау курстарының деңгейлік бағдарламаларын ұйымдастыруды және енгізуді ұсынды.

"Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сәйкес, деңгейлік курстарға қосымша ақы төлеуді енгізу қажет деп есептейміз. Себебі мектептерде бұл бар, ал колледжерде жоқ", — деді ол. 

Бұған қоса, мәжіліс депутаттары кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында бір студентті тамақтандыру үшін күніне бөлінетін ақша сомасын ұлғайту қажет деп есептейді.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беруді, қысқа мерзімді кәсіби оқытуды республикалық бюджет есебінен оқыту қарастырылған. Бағдарламаға қатысушылар стипендия, біржолғы ыстық тамақ және жолақымен қамтамасыз етілген. Бір студентті тамақтандыру үшін күніне 535 теңгеге дейін бөлінген қаржының аздығы туралы менің әріптестерім де айтқан болатын. Мен де бұл соманы жеткіліксіз деп есептеймін. Студенттердің толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету үшін бұл соманы қайта қарау керек деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта тек осы бағдарлама бойынша білім алатын студенттерге ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында әлеуметтік аз қамтылғандар ғана ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса олар әр айда өздерінің мәртебесін растау үшін құжат жинап отыруы керек. Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасының еңбек мамандықтары бойынша оқитын барлық жастарға ыстық тамақ беру үшін "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" ҚР 2012 жылғы 12 наурыздағы қаулысына тиісті өзгертулер енгізу қажет деп есептейміз", — деді Бектұрғанов.

301
Кілт сөздер:
мұғалімдер, колледж, мәжіліс отырысы
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

34
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

34
Роза Рымбаева мен Бақытжан Сағынтаев

Роза Рымбаева Алматының құрметті азаматы атанды

281
"Алматының құрметті азаматы" атағы тоғыз тұрғынға берілді. Сағынтаев олар қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күнінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева "Алматының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарының еңбегін атап өтілгенін айтты. 

"Белгілі қоғам мен саяси қайраткерлер, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласының қызметкерлері қоғамға қызмет етіп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуда", - деп жазды Сағынтаев.

"Алматының құрметті азаматы" атағы Роза Рымбаевамен қатар экономика ғылымдарының докторы  Рахман Алшанов, мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов, білім саласының ең сіңірген қайраткері Шамша Беркімбаева, Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстанның халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова және Алматының басты реаниматологы Тілеуберді Қуандықовқа берілді. 

281
Кілт сөздер:
құрметті азаматтар, Алматы, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  
Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды