Қоғам

МГИМО қаза тапқан қазақстандық қыздың отбасына жәрдем береді

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуМГИМО
МГИМО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЖОО өкілдері терезеден құлап көз жұмған Томирис Байсафаның туған-туыстарымен хабарласып отыр

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. МГИМО қаза тапқан қазақстандық студенттің отбасына жәрдем беруге дайын. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ЖОО баспасөз хатшысы Виктория Калашникова айтты.

Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мәскеуде терезеден құлап кеткен қазақстандық қыз көз жұмды

"Өкінішті жағдай. Туған-туыстарының қайғысына ортақпыз. Отбасы мен жақындарына қандай көмек қажет болса да, жәрдем береміз. Университет басшылығы олармен хабарласып отыр, көмек керек болған кезде, қол ұшын береміз", — деп хабарлады ол. 

Бейсенбі күні Мәскеудегі Склифософский атындағы ҒЗИ мәлімдегендей, Халықаралық қатынастар халықаралық мемлекеттік институтының (МГИМО) төртінші қабатынан құлап кеткен 21 жастағы қазақстандық студент Томирис Байсафа көз жұмды.

Қазақстан СІМ берген мәліметке сүйенсек, қазір ведомство қаза тапқан азаматшаның мәйітін елге жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.

Жаңалықтар
0