Қоғам

Театр әртісі Юрий Померанцевке "Еңбек Ері" атағы берілді

© Photo : ГАРТД им. М. ЛермонтоваЮрий Померанцев спектакль кезінде
Юрий Померанцев спектакль кезінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы еліміздің мәдениетін дамытудағы айрықша үлесі үшін Юрий Померанцевті ерекшелік белгісімен марапаттауға қаулы етті

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен  Юрий Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. 

Орден, мемлекеттік марапаттар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы әскери және арнаулы атақтарды кімдерге берді?

"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін "М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" РМҚК артисі Юрий Борисович Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", — деп жазылған Ақорданың сайтынағы жарлықтың мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Жаңалықтар
0