Қоғам

Мамандар сапасыз ойыншықтың балаларға зиянын айтты

© SputnikОйыншықтар
Ойыншықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тауарды таңдаған кезде қаптамадағы белгісіне назар аудару керек: ойыншықтың неше жастағы балаларға арналғаны жазылуы тиіс

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті балаларға қауіпсіз ойыншық таңдау бойынша кеңестермен бөлісті.

"Балаларға ойыншық таңдаған кезде оның сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттармен, тиісті сертификатымен танысу керек", — делінген хабарламада.

Тауарды таңдаған кезде қаптамадағы белгісіне назар аудару керек: ойыншықтың неше жастағы балаларға арналғаны жазылуы тиіс. Қаптамадағы барлық белгі анық көрініп тұруы міндетті. Әйтпесе ойыншық сапасыз болуы мүмкін.

Сапасыз ойыншық алудың балаға мынандай зияны бар:

  • улы заттармен улану;
  • аллергия: сапасыз ойыншықта аллергия туғызатын химиялық заттар көп болады;
  • жарақат алу: дұрыс бекітілмеген кішкентай бөлшектер баланың тыныс жолдарына түсуі мүмкін. Электрлі ойыншықтар өрт немесе басқа да қауіпті жағдай туғызуы ықтимал.

Сонымен бірге, департамент жаңа ойыншықты балаға бермес бұрын тазалап жууға кеңес береді.

Жаңалықтар
0