Батыр Сергей Цырульников

Астананың мерейтойы құрметіне Цырульников вагон тіркелген тепловозды сүйретті

61
(Жаңартылды 11:51 11.05.2018)
Қазақстандық батыр Сергей Цырульников Астананың 20 жылдығы құрметіне салмағы 180 тонна тепловоз бен вагонды 20 метрге сүйертті
Цырульников: протащил тепловоз с вагоном в честь юбилея Астаны

Жергілікті алып күш иесінің айтуынша, рекорд орнату оңай болмапты. Әлемдегі санаулы атлеттердің ғана күші жететін трюкті қайталау үшін Сергей бірнеше ай барын салып жаттыққан.

"Бастапқыда тепловозды ғана сүйрейміз дегенбіз, бірақ кейін бұл маған аз әрі оңай болып көрінді де, тағы бір вагон қосып, елордамыздың мерейтойы құрметіне рекорд жаңартуға шешім қабылдадық", — дейді рекордсмен Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

Толық сұхбатты аудиофайлдан тыдаңыз.

61
Кілт сөздер:
рекорд, батыр, Астананың 20 жылдығы
Тақырып:
Астананың 20 жылдығы (20)
Димаш Құдайберген

"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

2
(Жаңартылды 11:54 04.08.2020)
Әнші Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында салынған мурал үшін жерлестеріне іштей рахмет айтқанын жазды

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әншіДимаш Құдайберген Алматы көшелерінің бірінде салынған суретіне байланысты пікірін жазды. 

Әнші Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында салынған мурал үшін жерлестеріне іштей рахмет айтқанын, алайда алдында аға буын өкілдері тұрғандықтан ол жайлы жар салып жазуға ұялғанын айтты.

"Алматы қаласында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің сыйлығын көргенде жүрегіме жылулық орнап, іштей рахметімді айтқан болатынмын. Алайда Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сонымен қатар әнші муралды салған азаматтардың еңбегін бағалады.

"Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін және барша қолдаушыма шын жүректен алғыс білдіремін", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, бұған дейін әнші әлеуметтік желіде ұлттық аза тұту күніне орай жазба жариялап, мамыражай күндердің қайта келетініне сенім білдірді.

2
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
ҰБТ кезінде аудиторияда отырған ата-аналар

Қазақстанда ата-аналар жиналысы өтеді премьер-министр тапсырма берді

27
Білім министрінің айтуынша, ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсетудің маңызы жоғары

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин республикалық ата-аналар жиналысын өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің бүгінгі онлайн отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері пысықталды. Осы орайда премьер-министр оқушылар мен мұғалімдердің дайындығына баса назар аудару қажеттігін атап, 25 тамызға дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтауға тапсырма берді. Иинтернет-платформаларда және теледидарда қажетті контент толық көлемде болуы шарт. Ал ата-аналар үшін республикалық жиналыс ұйымдастырылады.

"Оқыту әдістемесін толық пысықтап, 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыруды тапсырамын", – деді Мамин.

Білім және ғылыми министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа оқу жылына дейін ата-аналар мен балаларға үйде білім алу мәселелері бойынша арнайы сынып сағаттары да ұйымдастырылады.

"Ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсету өте маңызды. Біз бұны төртінші тоқсанның нәтижесінде көрдік. Сондықтан тамыз айында балаларға және ата-аналарға үйде қалай оқу керек, гигиена негіздері, кибермәдениет, интернет арқылы қалай оқу керек және дене жаттығуларының маңызы туралы бірыңғай сынып сағаттары, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстарын өткізуді жоспарлап отырмыз", – дейді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Ата-аналар кірмейді: мектептерде "кезекші сыныптар" қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде алдын ала болжам бойынша биыл интернет мен  теледидар арқылы 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала және шалғай ауылдарда штаттық режимде 157 мыңнан астам оқушы білім алады.

27
Кілт сөздер:
ата-аналар жиналысы, білім беру
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматылық ата-аналар Сағынтаевқа шағымданамын деп опық жеді
Бейсенбі күні республикалық ата-аналар жиналысы өтеді
Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?
Ата-аналар қашықтан оқудың машақаты туралы айтып берді - видео
Қазақстандық ата-аналар 16 жасқа дейінгі балаларын үйден шықпай-ақ тіркей алады