Портфель

Қазақстан тумасы Арменияның қорғаныс министрі болып тағайындалды

251
(Жаңартылды 19:14 13.05.2018)
Журналистерге қорғаныс министрінің тағайындалғаны туралы жақында сайланған премьер-минстр Никол Пашинян айтты, кейін президенттің жарлығы шықты

АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Армения президенті Армен Саркисян бұрынғы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Давид Тоноянды қорғаныс министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі. 

"Давид Тоноян Армения Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалсын", — делінген жарлықта. 

Бұған дейін премьер-министр Никол Пашинян журналистерге Тоноянның Қорғаныс министрлігін басқаратынын мәлімдеген еді.

Тоноян 1967 жылы Өскеменде туған. Ереван мемлекеттік университеті мен Ресейдегі Әскери-дипломатиялық академияны тәмамдады. Ағылшын, орыс және француз тілдерін меңгерген. Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1994 жылдан бастап Армения Қорғаныс министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 

Қорғаныс министрлігі халықаралық әскери ынтымақтастық, қорғаныс бағдарламалары және қорғаныс саясаты басқармасын басқарды. 2010-2017 жылдары Армения қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді, ал 2017 жылдан бастап ТЖМ басшысы лауазымында болды.

251
Кілт сөздер:
қорғаныс министрі, Қазақстан тумасы, Армения
Загрузка...