Қоғам

Рамазан айы 16 мамырда басталмайды: Бас мүфти мәлімдеме жасады

© Photo : muftyat.kzБас мүфти Серікбай қажы Ораз
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты ҚМДБ сайты әр өңірге арналған ораза мен намаз кестесінің жаңа нұсқасын әзірледі

АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі биыл қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталатынын хабарлаған еді. Алайда мүфтият "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" мекемесінің жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәліметінен кейін қасиетті айдың басталу уақытын бір тәулікке шегеріп отыр. Осыған байланысты Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы мәлімдеме жасады.

ҚМДБ сайтының хабарлауынша, Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалды.

Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер", – деген.

Демек, мұсылман жұртшылығы рамазаннан бұрын болатын шағбан айының жиырма тоғызы күні кешке қарай жаңа айдың (рамазанның) тууын күтулері керек. Жаңа ай көрінсе, онда келесі күні ораза ұстайды. Егер көрінбесе, сол айды отыз күнге толтырып, оразаны бастайды. Бірқатар мұсылман мемлекетінің ғалымдары осы хадисте айтылған шағбан айының 29-ыншы күні 15 мамырға, ал 30-ыншы жұлдызы 16 мамырға сай келетінін мәлімдеуде. Демек, астрономиялық есептер 16 мамырда жаңа айдың туылатынын көрсетуде. Ал 17 мамыр – рамазан айының алғашқы күні болып есептеледі.

Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әзірет Сұлтанның" наиб имамы Оразаға дейін жасалуы тиіс 5 амалды атады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты. Аталмыш мекеме 16 мамырда астрономиялық құралдар көмегімен жаңа айды көруге болатынын мәлімдеді.

Осыған орай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шариғи үкім мен отандық астрономиялық ғылыми зерттеу нәтижесін негізге ала отырып: "17 мамыр – рамазан айының бірінші күні", – деген шешім қабылдады.

Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты ҚМДБ сайты әр өңірге арналған ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын әзірледі.


Жаңалықтар
0