Қоғам

ІІМ он алтыншы қабаттан құлаған сәбидің өліміне қатысты пікір білдірді

Жазылу
Ведомство қараусыз қалған балалар өліміне кім жауапты екенін айтты

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрлігі елордада он алтыншы қабаттан құлаған сәбидің өліміне және Алматы облысында екі баланың суға кетуіне қатысты пікір білдірді.

Сауда орталығы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның сауда орталықтары қауіпсіз бе?

"Ең бірінші ата-ана мұқият болуы тиіс. Бала тұрғын үйден емес, эвакуациялық шығудың баспалдағынан құлап кеткен. Біз мектептерде, балабақшалар мен медициналық мекемелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тырысамыз. Алда жүзу маусымы басталады, жағажайда балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Кеше Алматы облысында қайғылы оқиға болды. Демек, баласы үшін ата-ана жауапты. Әр балаға, әр тұрғынға құтқарушы бөліп, бұл жер қауіпті деп айта алмаймыз ғой. Қауіпсіздік амалдарын ата-ананың өзі қарастыруы қажет", — деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Ильин атап өткендей, ІІМ қазір мәдениет және демалыс орындарын тексеріп жатыр. 

Жаңалықтар
0