Қоғам

Есімов "Самұрық-Қазына" қорында жаңа басшылар тағайындады

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында кадрлық тағайындаулар болды

АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ және "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС жаңа басшыларын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Есімов Самұрық-Энерго мен KEGOC басшыларын жазалады

"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымына Әсет Құрманғалиев тағайындалды. 

"Құрманғалиев 2017 жылдың қыркүйек айынан ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды және «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ директорлары кеңесінің мүшесі болды. 1998-2017 жылдар аралығында ол ҚР Қорғаныс министрлігінде, Астана қаласы әкімдігінде, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында және ҚР парламенті мәжілісі «Нұр Отан» партиясы фракциясының аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды", — деп жазылған хабарламада. 

Ал "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС бас директоры қызметіне Нұржан Әбдімомынов тағайындалып отыр. 

Әбдімомынов 2010-2018 жылдар аралығында ҚР СІМ шетелдік өкілдіктерінде еңбек еткен. Ол ҚР-ның Португалиядағы уақытша сенімді өкілі, ҚР-ның Гонконгтағы және Макаодағы бас консулы болды. 2006-2009 жылдар аралығында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.  Әбдімомынов Данди университетінің түлегі, қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін меңгерген.


Жаңалықтар
0