Қоғам

Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті

© Sputnik / Серикжан КовланбаевӘуежай
Әуежай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға кезінде ұшақта 88 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Астана халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті.

Астанада жауған бұршақ Пирамиданың шынысын қиратты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Фотофакт: Астанада жауған бұршақ Пирамиданың шынысын қиратты

"Бүгін Астана қаласының әуежайында Шымкент — Астана КС352 рейсін орындаушы Air Astana әуекомпаниясының Эйрбас-320 ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті. Қозғалтқышы бұзылған. Аэродром 13:30 – 14.10 аралығында жабылды", — делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Ұшақты тұраққа сүйреп апарды. Қазір елордалық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Компания хабарлағандай, 88 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ. Қазір әуекомпания оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Астанада сейсенбі күні күндіз ауа райы күрт бұзылып, аяқ асты дауыл соғып, бұршақ пен нөсер жауды. Алай-түлей соққан дауыл кезінде мұнара краны құлап, Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратының шынысы сынған.

Жаңалықтар
0