Қоғам

Астанада апта сайын ашық аспан астында жаттығулар өтеді

© Sputnik / Алексей Дудыкин / Медиабанкке өтуСпорт
Спорт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Fitness Park Astana жаттығулары 27 мамырдан 9 қыркүйекке дейін болады

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. 27 мамырда Астанада жексенбі сайын таза ауада өткізілетін жаттығулар маусымы басталады. Биыл алғашқы спорттық жаттығулар Астаналық саябақта ұйымдастырылмақ. 3 маусымнан бастап Студенттік, Президенттік, Жерұйық және Триатлон саябақтарында да өтетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мұхамедиұлы Серік Сәпиев пен Қайрат Нұртасты воркаутқа шақырды - Sputnik Қазақстан
Мұхамедиұлы Серік Сәпиев пен Қайрат Нұртасты воркаутқа шақырды

Баршаға арналған тегін жаттығуларды Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы осымен үшінші мәрте ұйымдастырып отыр. Биылғы спорттық маусымның ерекшелігі – жексенбі сайын кәсіпқой жаттықтырушылар таңертең (сағат 10:00-12:00) де, кешке (17:00-19:00) де сабақтар өткізеді. Бұдан бөлек, Астаналық саябақ пен Триатлон саябағында аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері – сағат 19:30-дан 20:30 дейін топтық жүгіруден сабақтар өткізіледі.

Астаналық саябақтағы жексенбілік жаттығулар бағдарламасына CrossFit, Zumba, йога, бразилиялық джиу-джитсу және топтық жүгіру сияқты ертеңгілік жаттығулар кіреді. Кешкі бағдарламаға үстел ойындары (шахмат, дойбы), Street Workout, стритбол, топтық жүгіру және балаларға арналған ойындар енгізілді.

Қанат Ислам министр Мұхамедиұлы бастаған флешмобқа қатысты - Sputnik Қазақстан
Видео
Қанат Ислам министр Мұхамедиұлы бастаған флешмобқа қатысты

Президенттік, Студенттік және Жерұйық саябақтарында жексенбі күндері таңертең CrossFit, Zumba, йога және бразилиялық джиу-джитсу бағыттары бойынша жаттығулар өтсе, кешке үстел ойындарын (шахмат, дойбы) ойнап, Street Workout-пен айналысуға болады. Кешке Президенттік саябақта топтық жүгіруден сабақтар өтеді.

Триатлон саябағында жексенбі күндері таңертең және кешке топтық жүгіру, Street Workout сабақтары, сондай-ақ сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін велоспорттан топтық жаттығулар өткізіледі.

Fitness Park Astana жаттығулары 27 мамырдан 9 қыркүйекке дейін өтетін болады.

Жаңалықтар
0