Астанадағы дауыл салдары

Астанадағы қатты дауыл: Сенаторлар Қасымовтан есеп сұрады

60
(Жаңартылды 15:50 25.05.2018)
Сейсенбі күні Астанада аяқ астынан бұршақ аралас нөсер жаңбыр құйып, қатты дауылдан бірқатар нысанға зақым келген еді

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Сенат депутаттары жақында Астанада болған қатты дауылға байланысты ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"22 мамырда Астанада болған қатты дауылдан қалаға әжептәуір зиян келді. Үйлердің, Ұлттық музей, Бейбітшілік және келісім сарайының қасбеттері қирады, мектептер мен үйлердің шатыры ұшып кетті. Құрылыстардың бірінде кран құлады, табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер мен олардың мүлкі туралы айтпасақ та түсінікті", — деген Төлеубек Мұқашев министрден төмендегі сұрақтарға жауап беруді өтінді. 

"Күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарында, Қорғаныс министрлігі жүйесінде зақым келген нысандар бар ма? Бар болса, тізімі мен келген шығынның мөлшерін ұсынуды сұраймыз. ТЖ бойынша комитетінің күштері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері табиғи апат кезінде және кейін оның салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданды? Алдын алу шараларын қабылдау, ТЖ қызметі мен құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру бойныша нормативтік актілерді түзету үшін табиғи апаттан қандай қорытынды шығарылды?", — деді депутат сенаттың пленарлық отырысында.

60
Кілт сөздер:
дауыл салдары, Қалмұханбет Қасымов, Астана
Загрузка...