Қоғам

Елімізде несиені ең көп алатын өңір анықталды

© Sputnik / Болат Шайхинов500 теңге
500 теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық банк деректерін саралай келе, Қазақстандағы несиені көп алатын өңір белгілі болды

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанда несиені ең көп алатын Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық банк деректерін саралай келе, Ranking.kz тұтынушы қарызының көлемі бойынша қалалар рейтингін ұсынды.

Ет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда етті ең көп жейтін өңір анықталды

Жалпы айтқанда, Қазақстанда несие алу көлемі артып келеді. 2018 жылдың наурыз айы соңындағы ахуал бойынша бір жыл ішінде несие мөлшері 16,9%-ға артып, экономикалық белсенді тұрғын басына шаққанда 331,2 мың теңге болған. 

Еліміздің несиені ең көп алатын тұрғындары – алматылықтар: экономикалық белсенді адам басына шаққанда тұтынушы қарызының көлемі 1,2 миллион теңге.

Екінші орында Маңғыстау облысы, онда несие мөлшері адам басына шаққанда 522,6 мың теңге болды.

Ал, осы көрсеткіш бойынша үшінші орында Астана екен — 458,6 мың теңге.

Жаңалықтар
0