Ақша, пара

Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдердің қатарынан шықты

650
(Жаңартылды 13:37 30.05.2018)
Қазақстан 2017 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі бойынша мемлекеттер индексінде 122 орынды иеленді

АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik.Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі бойынша мемлекеттер индексінде өз ұстанымын жақсартты. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету жөніндегі департаменті басшысының орынбасарының м.а. Роман Ким айтты, деп хабарлады Елорда Инфо. 

Жемқорлықты қабылдау индексін жыл сайын әлемдік сыбайлас жемқорлықты зерттеу саласындағы ең беделді болып қалыптасқан Transparency international ұйымы жасайды. 

"Қазақстан 2017 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі бойынша мемлекеттер индексінде 122 орынды иеленді. Біз өз ұстанымымызды 9 көрсеткішке жақсарттық. 1999 жылдан бастап осы индекске қатысқалы бері Қазақстан 31 балл алды. Яғни, біз жемқорлық деңгейі жоғары мемлекеттер қатарынан шықтық", — деді Роман Ким.  

Оның сөзінше, әлем бойынша жемқорлықты тарату үрдісіне жасалған талдау көрсеткендей, соңғы 5 жылда табысы төмен елдерде сыбайлас жемқорлық деңгейі едәуір азайған. Оны Мьянма, Пәкістан, Индонезия, Албания, Парагвай, Лаос сынды мемлекеттерден көруге болады. Сондай-ақ Испания, Австралия, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттерде жемқорлықты қабылдау индексінің төмендегені байқалды.

"Бұл ол елдерде сыбайлас жемқорлық деңгейінің артқанын көрсетеді. Аталған факт экономикасы дамыған мемлекеттердің өз елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы климатты сақтауға күш салып және ұстап тұру мақсатында жұмыс істеу қажеттігін көрсетеді", — деді ол.

Айта кетейік, посткеңестік мемлекеттерде 2017 жылы ең төменгі жемқорлық деңгейін Эстония, Латвия, Литва және Грузия көрсетіп отыр. 

"Соңғы 10 жылда Грузия өз көрсетішін 84 ұстанымға жақсартып, рейтингте көтерілді. Пост кеңестік мемлекеттерде жақсарғанымен, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Украина және Әзербайжан сынды мемлекеттерде сыбайлас  жемқорлық деңгейі жоғары болып отыр", — деді Ким. 


650
Денсалық сақтау министрі Алексей Цой

Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті

321
Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, телефон әңгімесінен кейін Қытай елшілігі өз мәлімдемесін түзеткен

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "белгісіз пневмония" туралы мәлімдемеден кейін Қытай елшісімен сөйлесті. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала, елші мен жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі (Алексей Цой – Sputnik) арасында телефон сұқбатын ұйымдастырдық. Соның нәтижесінде, Қытай тарапына барлық мәселе бойынша тиісті түсініктеме берілді",– деді Ашықбаев онлайн брифингте.

Айтуынша, телефон әңгімесінен кейін Қытай елшілігі өз мәлімдемесін түзеткен.

Жуырда Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Оқи отырыңыз: Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

321
Кілт сөздер:
Қазақстан, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
ЕАЭО мен Қытай шекарасы арқылы тыйым салынған тауарларды өткізуге бақылау күшейеді
Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатыны белгілі болды
Комитет Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді
Маска, термометр және тест: Қытай Қазақстанға жүк жөнелтті
Дәрігер, архивтегі фото

Аза тұту күні дәрігерлерді көшеге шығару бастамасын кім көтергені белгілі болды

47
(Жаңартылды 13:08 15.07.2020)
Дәрігерлерді көшеге шығару туралы бастаманы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы көтерді, деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық аза тұту күні дәрігерлердің көшеге шығып, бір минут үнсіздік рәсімін өткізуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі пандемия құрбандарын еске алу құрметіне флешмоб өткізуді ұсынған жоқ. Бұл әрбірінің азаматтық парызы деп ойлаймын. Дәрігерлерді көшеге шығару туралы бастаманы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы көтерді", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Бюрабекова онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Шымкент әкімі желіде тарап кеткен видеоға түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі тек санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырған.

Вице-министр флешмоб үшін жазалау орынсыз деп санайды. Себебі бұл азаматтардың өз бастамасы.

"Олар қайтыс болғандарды құрметпен еске алды, сондықтан, менің ойымша, бұл ретте жазалау мәселесі көтерілмеуі керек", - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 шілде Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Қаралы күні Шымкентте дәрігерлер жол бойына шығып, бір минут үнсіздік рәсіміне қатысқан. Әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықтардың наразылығын туғызды.

47
Кілт сөздер:
аза тұту, дәрігерлер
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әкімдік жұрттың наразылығын тудырған видеоға түсініктеме берді
Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды
Бұл сұмдық трагедия – президент кеңесшісі Қазақстандағы жағдай туралы айтты
Тоқаев бірнеше дәрігерді қайтыс болғаннан кейін марапаттады
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды