Қоғам

Балиева сарыағаштық бала мен тараздық жасөспірімнің істеріне қатысты пікір білдірді

CC0 / pixabay.com / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зағипа Балиева қоғам назарына іліккен атышулы істер туралы толыққанды мәлімет ұсынуға уәде берді

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Балалар құқығы бойынша уәкіл Зағипа Балиева сарыағаштық жеті жасар бала мен тараздық жасөспірімге қатысты қоғам назарына іліккен екі істің қандай кезеңде екенін айтып берді.

Қол ұстасу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Белгілі бизнесмен сарыағаштық 7 жасар бала мен анасын қамқорлығына алды

Балиева тілшілер мен қоғамнан тергеу ісі аяқталғанша алып-қашпа әңгімені жалғастырмауды өтінді.

"Оңтүстік Қазақстандағы бала туралы — бұл тақырыпты қозғай бермеулеріңізді сұраймын, өйткені іс қоғам назарына ілігіп отыр, аяқталған соң толық мәлімет беремін. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тараздағы жасөспірімнің оқиғасы да қаралып жатыр, Бас прокуратура араласты, қазір істі зерттеп, құқық бұзушылықтарға баға берілетін болады. Нәтижелері жарияланады", — деп мәлімет берді омбудсмен ЮНИСЕФ концеренциясы барысында.

Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауылының бірінші сынып оқушысына қатысты іс көпшілікке мәлім болған еді. Оқушының әжесі айтқандай, немересін жоғары сынып оқушылары ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, зорлап келген.

Істі тергеуге қазақстандық және шетелдік мамандар кірісті. Анасы мен баласы, сонымен бірге әжесі мен тәтесі қазір мемлекеттің қорғауында.

Екінші атышулы іс зорлады деп айыпталып, сотталған тараздық жасөспірімге қатысты. Оның ата-анасы полицейлердің балаға қысым жасап, қылмысты мойындауға мәжбүрлегенін айтады. Он жеті жастағы баланың хатын қоғам қайраткері Дина Таңсәрі жариялады.

Жаңалықтар
0