Қоғам

Жеті жасар қазақстандық қызды анасы Сирияға алып кетті

CC0 / / Әйел мен бала
Әйел мен бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың ағасы мен апасы бұрынғы келіндері баласымен бірге отанына оралады деген үмітпен "Жди меня. Казахстан" бағдарламасына хабарласты

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Жеті жасар қазақстандық қызды жасырын түрде Сириядағы әскери қимылдар алаңына алып кеткен. Бұл туралы қыздың туыстары "Жди меня. Казахстан" телебағдарламасының командасына хабарлады.

Сирия - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды

"Евразия бірінші арнасы" қыздың анасы ажырасқаннан кейін Жезқазғанда тұрғанын хабарлады. Кейін ол екінші рет тұрмыс құрады, күйеуі радикалды діни наным-сенімді ұстанатын болып шыққан. Жолдасы көз жұмғаннан кейін әйел қызын Сирияға, әскери қимылдар алаңына алып кеткен.   

"Қайда барсам да ол кетіп қалғанын айтады. Маған ештеңе деген жоқ, кетіп қалыпты. Бірдеңе болып қалса ше? Ол жақтың өз заңы бар дегендей. Онда кішкентай баланың жүргенін елестетіп көріңізші", — дейді қыздың апасы Ләйлә Ғабдулина. 

Ғабдулина өзінің бұрынғы келінінің екінші баласын да өз отбасына қабылдауға дайын екенін айтты.  

"Терроризмге қарсы комитет" республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстанда екі жылдың ішінде әскери қимылдар алаңынан кәмелетке толмаған 78 бала оралғанын хабарлады.  


Жаңалықтар
0