Эверест

Қазақ қызы әлемдегі ең биік шыңды бағындырады

75
(Жаңартылды 08:22 31.05.2018)
Альпинисттің айтуынша, қазақстандық қыздар қатысатын экспедиция ұйымдастыруды жоспарлап отыр

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Танымал қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Эверестке қайта шығу жоспарымен бөлісті.

Жұмаев 18 мамырда әлемнің ең биік нүктесі Эвересті екінші рет бағындырған болатын. Ол бұл сапарын Астананың 20 жылдығына арнады.

"Қазір жоба дайындап жатырмын, қыздарды бақылап жүрмін. Қазақстандық қыз, қазақ ұлтынан шыққан ару алғаш рет Эверест шыңын бағындыруы үшін экспедиция ұйымдастырғым келеді", — деді  Жұмаев Астанадағы баспасөз мәслихатында.

Капитан Жұмаев – ҚР-ның альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскерінің Орталық спорттық клубы Тауға дайындық орталығының офицері.

75
Кілт сөздер:
қазақ қызы, тауға шығу, альпинист, Эверест
Загрузка...