Қоғам

Қазақстанда пойыз билетін сататын жаңа сайт ашылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуПойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
bilet.railways.kz сайтынан билетті арнайы кабинет арқылы немесе тіркелмей-ақ алуға болады

АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанда электронды пойыз билетін сатып алуға болатын жаңа интернет-ресурс іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

теміржол - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаңа жылдан бастап теміржол билеттері қымбаттайды

Жобаны "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы –  Бас есептеу орталығы "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырған. Жаңа сайтта пойыз билетін арнайы кабинет арқылы немесе тіркелмей-ақ ресімдеуге болады. Сайтта "күту парақшасы" қызметі де бар. Қолданушы билет болмаған жағдайда, сол арқылы кезекке де тұра алады. Бос орын болған жағдайда қолданушының электронды поштасына хабарлама түседі. 

Сондай-ақ, жолаушы бұрын сатып алған электронды билетін сайт арқылы қайта өткізе алады. Дисконт карта арқылы "бару-қайту" билеттерін бір тапсырыс кезінде ресімдеуге болады.

Бұған қоса, сайтта пойыз кестесі туралы анықтамалық ақпарат, бос орындар, пойыз билетінің бағасы, жолаушыларға тиімді жеңілдіктер туралы мәліметтер жинақталған. Кез келген адам пойыздарда қызмет көрсету сапасына баға беріп, басқа жолаушылардың бағалауы нәтижесінде жасалған пойыздардың рейтингін де көре алады.

"Пойыз билетін Visa және MasterCard жүйесін қолдана алатын барлық екінші деңгейлі банктің картасымен сатып алуға болады. Қандай да бір келеңсіздіктер туындаса, online режимде оператордың көмегіне жүгіне аласыз",-деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы – "Бас есептеу орталығының" директоры Тілеужен Оразбаев.

Жаңа сайт ұялы телефондарға бейімделген.

Жаңалықтар
0