Қоғам

Депутат Сағынтаевқа ұстаздардың үстемеақыға қатысты наразылығын жеткізді

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттар өңірлерге барған уақытта ұстаздар қауымы үстемеақының төленуіне қатысты шағымданған

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, мұғалімдерге үстемеақы төлеуге қатысты туындаған жағдайдың мән-жайын анықтауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат Сағынтаевқа өздерін қорғауды сұраған ұстаздардың жанайқайын жеткізді

Президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы тапсырмасы бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздарға лауазымдық жалақысының 30 пайызы мөлшерінде үстемеақы белгіленген еді. Депутаттар өңірлерге барған кезде осы төлемақыға қатысты педагог қауымы көңілі толмайтын бірқатар жайтты жеткізген.

"Біріншіден, үстемеақы нормативтік жүктеме сомасына ғана төленеді, яғни ол 18 сағаттан аспайды. Осылайша, бір жарым ставкаға сабақ беретін мұғалімдер үстемеақыны тек нормативтік оқу жүктемесіне ғана алады. Бұл жағдай мұғалімдердің ахуалының нашарлауына және кадр тапшылығы мәселесіне алып келуі мүмкін. Өйткені ол ұстаздарды бір педагогикалық ставкадан жоғары көлемде сабақ беруге ынталандырмайды. Білім беру саласына жиырма жылын арнаған беделді, сауатты, білікті мұғалімдердің барлығы дерлік әдетте бір жарым ставкаға жұмыс істейтіні мәлім", — деді бүгін сенаттың жалпы отырысында Әйтімова. 

Бұдан бөлек, үкіметтің 2018 жылдың ақпандағы қаулысына сәйкес, білім саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін ұйымдардың және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайы үшін қаңтар айынан бастап үстемеақы төленуі тиіс екен. 

"Бірақ кейбір өңірлерде жергілікті атқарушы орган әлі күнге дейін қаржыландыруды бастамай отыр. Әкімдіктер республикалық бюджеттен трансферт күтіп отырғанын алға тартады", — деді депутат. 

"Құрметті, Бақытжан Әбдірұлы, айтылғандарды ескере отырып, жағдайды ерекше бақылауыңызға алып, мән-жайын анықтауды сұраймыз", — деп қорытты сөзін сенатор.

Жаңалықтар
0