Бейбіт Атамқұлов

Атамқұлов KADEX-те көз жұмған адам жайлы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады

137
(Жаңартылды 13:41 06.06.2018)
Министр Атамқұлов "дөрекі сөзінен" кейін марқұмның отбасымен кездесіп, кешірім сұрағанын айтты

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов KADEX көрмесінде қаза болған келуші жайлы айтқан сөзі үшін жұрт алдында кешірім сұрады.

 Атамқұловтың айтуынша, ол марқұмның отбасына моральдық соққы жасағанын түсінген. 

"Басшы ретінде де, саясаткер ретінде де дұрыс жасамадым деп есептеймін. Мен мұны жарты сағаттан кейін, ақпарат шыққан сәтте ұғындым. Сол кезде барып әкесінен, зайыбынан айырылған адамдарға айқын моральдық соққы жасадым деп ойладым. Қатты өкіндім, дөрекі сөзім үшін кешірім сұраймын", — деді Атамқұлов блогер Ғалым Бәйтүкке берген сұхбатында.  

Атамқұлов KADEX-тегі қайғылы оқиға жайлы қате ақпарат алуы мүмкін екенін мәлімдеді. Министр марқұм жайлы айтқан сөзінен кейін жаны жай таппағанын жеткізді.  

"Сол күні шешім қабылдап, кешірім сұрап, көңіл айту үшін олардың үйіне бардым. Ұлы әкесін, зайыбы күйеуін жоғалтты. Жаңылыспасам, 92 жастағы анасы бар екен. Үйдегі қайғы-қасірет еңсені басады. Бұл жайлы айналамдағыларға айтқан жоқпын, БАҚ-қа хабарламадым. Оны БАҚ-тың алдында ақталу үшін істемедім", — деді министр. 

Айта кетейік, министр Атамқұлов трагедияға KADEX көрмесінде көз жұмған адамның өзін кінәлаған болатын. 

"Тергеу өтуі керек. Бұл өте сезімтал мәселе, кейбір жайттарды мен айта алмаймын. Ол өзі кінәлі, себебі рұқсатсыз кірген", — деген еді ол.  


137
Загрузка...