Сот балғасы

Өзінің ақшасын алды: Жоғарғы сот бөтеннің мүлкін иеленген әйелді ақтап шықты

135
(Жаңартылды 13:41 06.06.2018)
Дүкен қожайынымен сөзге келген сатушы кассадағы 60 мың теңгені рұқсатсыз алып кеткен

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Сатушы болып жұмыс істеген әйел кассадан 60 мың теңгені ұрлағаны үшін сотталып, кейінірек ақталып шықты, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы құрылыс материалдары дүкенінде сатушы болып істеген. А.С.Ситина дүкен иесімен еңбек қатынастарын заңды түрде ресімдемеген. Жұмыс берушімен қолма-қол 60 мың теңге жалақыға ауызша келісімге келеді. Кейінірек қожайын уақытша қиындықтарды желеу етіп, жұмыс істеген кезеңі үшін Ситинаға жалақысын төлеуден бас тартады. Қожайын әңгіме барысында оған дауыс көтереді.

Сол кезде Ситина кассадағы 100 мың теңгенің 60 мыңын рұқсатсыз алып, ақшаны жалақы ретінде алғаны жөнінде қолхат қалдырады. Дүкеннің кілтін қалдырып, жұмыс орнын тастап кетеді.  

Ситина 60 мың теңгені ұрлағаны үшін жауапқа тартылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығы шектеледі.

"Кассациялық алқа сотталғанның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ деген қорытындыға келді. Барлық айыптау бойынша Ситина ақталып, шығарылған сот актілерінің күші жойылды", — деп жазылған хабарламада.  


135
Загрузка...